Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  116


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Махаббат мұңы

Жылайды қыз егіліп,
Қасіреттен жеңіліп.
Отырады томсарып,
Қайғы мұңға жегіліп.
Бағы жанып құрдасы,
Екеу болып бір басы.
Ап қыз отыр егіліп,
Жанында жоқ сырласы,
Егіледі жүрегі,
Сұлу қыздың бірі еді.
Естен кетпей ғашығы,
Түсіне де кіреді.
Неге жүрек жаралы,
Тебірентіп даланы.
О, махаббат алыстап,
Ғайып болып барады.
Көз тігеді алысқа,
Апып шыңдар алыс па.
Ыстық сезім қалыпты,
Қол жетпейтін алыста.
Жүрегіне мұз қатып,
Тұла бойын сыздатып.
Алаулаған жүрегін,
Кетіпті ызғар мұздатып.
Неге, неге алдады,
Кетерінде сол қызды.
Шығарып та салмады,
Шын сүйдің зіл батпан.
Кімге түсер салмағы,
Жас жүрегі жаралы.
Қимай кетіп барады,
Шын сүйгенін сол қыздың.
Жігіт ұқса жарады,
Махаббатқа бас ұрып.
Жаңа жанып жас үміт,
Жүрген шақтар, жоқ болды.
Ал бүгін жүр ашынып,
Мұңға салған пендені.
Махаббатты жеңбеді,
Мұзға оранған жүректі.
Уақыт өзі емдеді,
Мәңгі қалсын – деді қыз,
Махаббатым сендегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу