Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  183


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тауды сүйем...

Тауды сүйем,
Өйткені тау ұлымын,
Әр тамшысы қымбат қой жауынының.
Сені ойлап терең ойдың құшағында,
Жанынан өтіп барам ауылыңның.
Қай құдай ыстық етті жұлдызыңды,
О, табиғат бақытты ет, ұл-қызыңды.
Құлпырған қызғалтағың секілденген,
Ризамын тарту етсең бүл қызыңды.
Бір қуанды жүрегім, бір егілді,
Махаббаттың мазағын жүре білді.
Жыларымды білмеймін, күлерімді,
Бірақ та үзе алмадым күдерімді.
Періштесің жырлайтын, жырыма еніп,
Жырыма еніп, айтатын сырыма еніп.
Саған деген сезімім, күні-түні,
Бірі кетіп жатады, бірі келіп.
Бұлт қаптап аспанды мұңданады,
Сүйген жүрек өзгені тыңдамады,
Тауды көрсем, шабытым шыңдалады.
Керегі не жарқыным қайғы жүтып,
Тұрағы жоқ жалғанда кім қалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу