Эсселер ✍️

  30.05.2022
  1517


«Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі»

Кең байтақ далаға алғаш қоңырау үнін әкеліп, ұлтын «өнер- білімі бар жұрттар» қатарына қосуды армандаған ұстаздардың ұстазы, ұлы дала қоңырауы Ыбырай Алтысарин бүгінде 180 жасқа келіп, ел есінде мәңгі


қалды. Күмбірлеген күміс қоңырау үнімен өз ұлтының балаларын білім ордасына шақырып, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың                  болашағы жарқын болатынына туған халқының көзін жеткізбекші болды. Ол білім мен ғылымнан кешеуіл қалған қалың қазақ жұртын орыс ғылымын игеруге шақырып қана қоймай, сол мақсатын түбегейлі жүзеге асыруға аянбай еңбек еткен. Ыбырай – қазақ халқын тұңғыш болып ілім-білімге сүйреген, тұңғыш рет қыздарға арнап мектеп ашқан, тұңғыш рет қазақ даласына қоңырау соққан аңыз адам, алып тұлға. Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті мен өнеріне, мәдениеті мен қазақ ғылымына қосқан үлесі ұшан-теңіз екені тарихтан белгілі.


Ыбырай Алтынсарин өзінің туындылары арқылы, қысқа-қысқа


әңгімелері арқылы ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосты. Қазақ балаларын тек ілім-білімге үйретіп қана қоймай, тәрбиенің тал бесігі Ыбырай туындыларынан көрініс тапты. «Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы» деген ғұламалардың өнегелі өсиетін жадынан шығармаса керек.


Қаламынан туған туындыларынан баланы еңбекқорлыққа, үлгілі, досқа адал болуға шақыратын шығармалары арқылы бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлгендігі көрінеді. Ол өз сөзінде: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа,


тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні зор жұмыс деп білемін», - деген. Олай болса, Ыбырай Алтынсарин


әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты көрініс беретін тұстарды талдап көрелік.


Ыбырай әңгімелерінің негізгі көтерген тақырыбы – еңбек екенін жақсы білеміз. Ұлы педагогтің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары»,


«Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Қанағат» сынды әңгімелері жастарды әдептілікке, әділ де мейірімді болуға тәрбиелейді. Осындай


әңгімелерінің ішіндегі «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде ата ғибраты анық көрінеді. Бұл әңгімеде атасы он үш жасар баланы жетектеп


келе жатып, ұшқан құс, жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырып, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ екенін айтады. Сен де босқа жүрме, «жұмыс істеп


әдеттену керек» дейді. Байқағанымыздай, автор ата образы арқылы барша қазақ балаларын жастайынан еңбек етуге шақырады.


«Әке мен бала» әңгімесі Ыбырай творчествосындағы өте соны туындылардың бірі. Бұл әңгімеде автор еріншек, жалқау баланың ерсілік жақтарын суреттейді. Жерде жатқан тағаны бір иіліп алуға ерінген баланың сатып алынған шиені теріп жеу үшін он рет еңкейгенін автор жақсы мысал етіп алып, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға


қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың» - деген баталы сөздермен шығарманың шешімін шығарады.


Ойымызды қорытындылай келе, Ыбырай Алтынсарин мұрасының өлмес, өшпес мұра екендігін айтқым келеді. Қараңғы қазақ көгінде шырақтай жанған, білім мен ғылымның, тәрбие мен өнердің шамшырағы атанған Ыбырай Алтынсариннің мұраларын сақтап, құрметтеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру – біздің тарих алдындағы, әдебиет алдындағы азаматтық һәм адамзаттық парызымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу