Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  92


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қыздар жайлы

Жігіттер-ау, өкпек желді ызғарда
Қалтырайтын қайың дейміз қыздар да!
Қандай әбес?! Отым шықты-ау бетімнен,
Маржан тауды ақ білектер бұзғанда!
Құлаштайды күректерін біздерше,
Көзім шықсын, сәл бусанған із берсе.
Шофер қу да комбайннан құйындап,
Сыр бермейді-ау, он түгілі, жүз келсе!
Өкпе айтсаң да «жігіттікті» бұзғанға,
О, жігіттер, тізе бүктім қыздарға.
Тың төсінде алтын толқын сапырған,
Қыздан сен де ердің атын қызғанба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу