Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  444


Автор: Бекен Әбдіразақов

Екі-ақ апта – екі мың жасағандай...

Екі-ақ апта – екі мың жасағандай,
Несібемді нысапсыз асағандай,
Бата алмаймын енді бір тілек айтсаң,
Қолдан шығып кетер ме қашағандай!
Жалбарынған едім ғой жарты ай бұрын,
Сыбағамның жеп қойып алты айлығын,
Есім кете қараймын мүсәпірдей
Шыға ма деп тосыннан айқай бүгін!
Тұрағыңа кешегі қайқай, ұрым,
Алаңдаймын басымды шайқай бүгін.
Ұрейлі ме, жоқ, әлде жатырқай ма,
Бостандығың бермейтін байқай бұрын!
Бәрі де әлде, салдақы мекерлік пе,
Бой алдырып қойғасын секемдікке.
Белді буып көретін бекемдікке
Қоян жүрек болдың-ау, Бекен тіпте!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу