Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  95


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бұл пенденің басынан бәрі өтеді...

Бұл пенденің басынан бәрі өтеді,
Дегенмен де бірдеңе дәметеді.
Баяғыда басынан кешіргенін
Есіңе алып, ыңылдап ән етеді.
Жастық дәурен жарқын жүз
оралғанда-ай,
Бақыт тумақ адамға онан қандай!
Шалқып, тасып бірер сәт, онан кейін
Басы мәңгіп отырар тоналғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу