Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  107


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ет үйренді, көңілім де көндікті...

Ет үйренді, көңілім де көндікті,
Аласұрып аңсамайды кеңдікті.
Қалжырасаң, қайрат берер кімің бар,
Бос жіберсең, біттің, Бекен, белдікті!
Сен ғана ма, сергелдеңде, байқашы,
Өрмелеп тұр ағайынның қай тасы?
Еркіндікте ереуілдеу басқарақ,
Алдында өлі елдік, ездік айқасы.
Естен танып, еңсең түсіп езілсең,
Отың өшпей ошағыңнан безінсең,
Дос табалап, дұшпандарың масайрар,
Есіңді жи, әділдікті сезінсең!
Несі кетер жұрттың, ез боп көз ілсең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу