27.05.2022
  305


Автор: Ескен Елубаев

АҚҚАЛА

Бойыма шақ қана,
Қаладым аққала.
Қуансын қосыла,
Жүгiрдiм досыма.
Жығыла-сүрiне,
Жеткенше үйiне,
Мақтанып айтқанша,
Ертiп-ақ қайтқанша,
Аққалам үлгерiп,
Кетiптi күнге ерiп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу