Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  108


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Айырылысу

Түрiң бар-ау сағындырмақ,
Қылығыңда ақыл басым.
Тұрсың мiне, қолың бұлғап,
Армандарың шақырғасын.
Саған ұқсап алыс кетiп,
Соқпақтарда сор кешiп ек.
Талабыңды табысты етiп,
Мен көргендi көрмешi тек.
Тазаға ынтық жанарлардан,
Төгiп өткен жаңбыр едiм.
Құлай сенiп, сан алданған,
Қайран, менiң пәк жүрегiм!
Сезiледi жырымда мұң,
Қалған белгi сол күндерден,
Кештеу ұғып соның бәрiн,
Жылдамырақ өлгiм келген...
Әсерлер ғой бұл да өткiншi,
Бар, ақ ботам, жолдан қалдың.
Менiң жырым жүр деп бiлшi –
Жолын тiлеп Армандардың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу