Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  183


Автор: Ибрагим Иса

Ән менен әнші

Сахнаның сәні,
Болғанға не жетер.
Сағынысып жүреміз,
Әншілердің әні
Жаныңды тербетер,
Көңілдер алып-ұшып,
Толқыған теңіздей,
Жүректері егіздей.
Қайырмасы:
Ән менен әнші,
Ән менен әнші
Қанатты құстардай!
Жағалауға мәңгі
Асыққан толқындай,
Толқиды әнші жаны,
Тербеп әнді,
Мөлдірер алтындай,
Сағыныш тамшылары.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу