Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  137


Автор: Ибрагим Иса

Айдынды Атырауым!!!

Тойлары үзілмеген, көз ілмеген бала күнгі,
Ойлары тізбектелген,
іздеп келген шағалаңды,
Қарсы алып,
ән салып жатырмысың,
Жайығым,
тербелген қайығың,
Сен неткен сабырлысың,
ақылдысың!
Қайырмасы:
Сымбатың шұғылалы,
Жүрегім жылынады.
Жатыр ма айдыныңды шуға бөлеп,
Аққудың шырын әні
Аққудың шырын әні!
Толқының шашыраған,
ғашық оған,
шіркін өмір!
Қашанда таласатын,
жарасатын көркіңе нұр.
Берекем
сен екен,
сағымбысың,
Айдыным,
сарқылмас байлығың,
Шырқайтын мәңгілікке әнімбісің!
Қайырмасы:
Ән салам Атырау деп,
япыр-ау, деп
сағынғасын.
Сен менің жүрегімде,
тілегімде,
жанымдасың.
Аңсаймын,
шаршаймын,
амалым жоқ,..
Еркіммен адасып,
толқынмен,
Тұрады кекіліңді тарағым кеп.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу