Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  107


Автор: Индира Кереева

Өлең керек...

Ақтөбеге..
түнде жауып кырбық қар,
Қала ойланып…
Сәл мұңайып тұр бақтар…
Айналаңда тұнып тұрған ақ Өлең,
Ақын болсаң...
Жырлап қал!
Ақтөбеде қыс.
Көшелер мәз ерен..
Қайың тоңып…
Күтер көктен саз
емен.
Боз мұнарға тұнып тұрған қала бұл,
Ақын болсаң...
Жаз Өлең!
Аппақ мұңға малынған
Бақ тыңдай ма,
Өлең керек!
Өлең керек мұндайда!
…Аспан алдап,
Жер жатырқап жүретін
Ақынсың ба?!
Жыр қайда?!
Жыр боп сенің жанарыңда түнегем;
Жырмен сенің өміріңе гүл егем.
Ақын емес…
Жай ғана бір адам боп,
Жазайықшы бір Өлең…
Оқиықшы бір Өлең…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу