Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  180


Автор: Динара Мәлік

Қарашығым....

Қарашығым,
Өзіңдей табар ма екем, жан асылын?
Жерден ұзап жүрміз-ау, қол ұстасып,
Көңілдің жасап алып жарасымын.
Көгершінім,
Қазір келіп, кейпімді көремісің?
Әдемі елесіңе жан бітіріп,
Секунд сайын сүйем ғой сенемісің?
Өлеңімсің,
Есігімнен күн болып енемісің?
Мен саған шумақ болсам шұғылалы,
Сен менің шабытым боп келемісің?
Бәйтерегім,
Сабырыңа жинайсың ой тереңін...
Жырым болып, қонасың дәптеріме,
Жарың болып, жаралсам қайтер едім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу