Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  112


Автор: Динара Мәлік

Туған жердің салқын тартқан құшағы...

Туған жердің салқын тартқан құшағы,
Жат көре ме баласын.
Таныс аула табанымнан құшады,
Жасыра алмай жарасын!
Ауыл – сырқат.
Тіксінеді түнеріп,
Шұрқ-тесік шапанына оранып.
Жас жүрегім «әлди-әуен» тіленіп,
Қайтып барам тоналып!
Құрты қайнап,
Пісілетін күбісі –
Берекесі безген екен үйімнен.
Анамның да баяулапты жүрісі,
Демін әзер алады
Екі иінінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу