Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  129


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көш бастап, тілді көтерді

Егеменді елімнің ұтқаны шын,
Көш бастап Елбасының шыққаны үшін.
Мəдениетті көтерді, əдебиетті,
Ана тілге, Қазағым, құт дарысын.
Өнерге қолдау беріп, өзі басшы,
Қаншама таланттардың көзін ашты.
Дүниені көгерткен көктем құсап,
«Халқым» деген Нұрекең сөзі жақсы.
Елбасыға ерсек біз қапылмаймыз,
Əрқайсымыз бір оттай лапылдаймыз.
Мұнай барда, қолдайтын құдай барда,
Жекпе-жекте жеңетін батырдаймыз.
Кереге, уығымды балталаған,
Ер-тұрманын ерлерім арқалаған.
Бодандық алыс кетті, құт орнады,
Қазаққа берекесі тарқамаған.
Қазаққа еңбек етер кез келіп тұр,
Өзгерген мінездерді көз көріп тұр.
Аяулы Президенттің арқасында,
Бар əлем Қазақстанға сөз беріп тұр.
Жиғандай сынып қалған уықтарын,
Ес жиюға Елім-ау, жуықтадың.
Мəдени мұра-бабалар қазынасын,
Алтындап шығарамыз жиып бəрін!
Қазақ қазақ бола ма дəм болмаса,
Дəнге қосып айтатын əн болмаса,
Осылар болар ма еді, Ер Нұрекең,
Асылдан жаратылған жан болмаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу