18.05.2022
  148


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

КӨЗГЕ АЯН ІЛІМ, СОПЫЛЫҚ ЖОЛЫНЫҢ ПЕРДЕЛЕРІ

Жоғарыдағы айтылған тараулардан діл ғала- мының шарапаттары мағлұм болды. Сопылық жолынан да хабардар болдың. Енді бұларды біл- ген соң сырт көзге аян беріп, Тасаууф жолындағы (сопылық) перделерін аңғарған соң – хабарың болсын, көзге анық аян ілім – сопылық жолының пердесі дер. Бұл сөзге таңданбағын, бұл сөз ақиқат шындық. Бұл құрметпен сезім жолы арқылы шұғылданып, тереңге шомсаң, әлбетте, перделерді көресін. Ақиқатына келсек, діл мы- салы, суқойма һәуізге ұқсар, оның қалауы бес сезім сияқты, бес арыққа ұқсар. Бұл арықтармен һәуіз сияқты көңілге су кірер. Егер көңіл қалап, һәуіз түбінен таза су шықсын десең, оның жо- лы һәуізге кіретұғын арықтарды бекем байла- ғын. Оның ішіндегі суды шығарып тастағанда, түбін терең кеулесең таза су шығар. Дәл осыған ұқсас көзге аян ілімдер діл айнасының талабы бойынша бес сезім қолымен пайда болар. Мұ- нымен шұғылданбаса, діл тереңінен ілім бұла- ғының шығуы мүмкін емес. Сондықтан діл ай- насының қалау талабына сай, оның жолы мәлім болатын деректерден хабардар болып, һәуіз- ділдің түбін қиыншылық кетпенімен қазған жағ- дайда, әлбетте, таза білім бұлағының көзі ашы- лып, айнасы жақыннан болар. Сонымен, көзге аян ілім жолының перделенуінің себебі сол екен, уақытында кісі ақылы, орындалатын жол-жорық және жұртшылықтың көзқарас әдет-ғұрпын то- лық білсе, оны басшылыққа алса, одан үлкен бас- қа ілім жоқ. Егер көңілге ақиқат жағынан көктем гүлдерінің иісі сезілсе, бұл мен білген ілімдерге кереғар деп айтар едім. Бұл сияқты істер негіз- сіз. Сонымен, бұл сияқтыларға ақиқат әр уақытта мәлім бола бермес және орындалуы шарт ақыл, сүннәт және жамағаттың қалыптасқан әдет-ғұ- рып аңыздарға негізделген. Соқыр сезімдер, жал- пылап айтқанда, халықтық ақиқат қалыбында бо- лып көрініс табар. Бірақ ол шын мәніндегі ақиқат емес және білім деген сол болар, ақиқат сол бір қалыптан бойын тіктер. Сондықтан ол сыртқы қабықтың ішіндегі маңызы сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу