Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  175


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Құмыра

Туған жердің құмына,
Арнаған сан сапарды.
Тапты бала құмыра,
Мектебіне апарды.
Сол құмыра табылған,
Жіберілді қалаға.
Алғыс айтып, ғалымдар,
Хат жолдады балаға:
«Рақмет саған, балақан,
Іс істедің бағалы.
Ұлан-байтақ, кең Отан,
Құпиясы мол əлі.
Құмыраңнан сенің де,
Көп мəлімет алынды.
Қазып алған жеріңде,
Қала болған кəдімгі.
Аты Отырар делінді,
Көп еді үйлер ... көшелер.
Туып-өскен жеріңді,
Жақсы біліп өсе бер».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу