Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  115


Автор: Сабырхан Асанов

Айнала – көктем, көңілімде менің – махаббат...

Айнала – көктем,
көңілімде менің – махаббат.
Бір сезім өршіп,
тынды ақыр бойды матап ап.
Құс екеш құс та тынбайды сайрап ән салып,
бұтаққа қонып,
бүршікке аузын тақап ап.
Мамық бұлт түгіл,
қара тас бүгін жұп-жұмсақ.
Бұл не деген қызулы шақ, қызғын шақ!
Тауда еріп қар,
мұнда балқып қара жер,
қалғиды әлем,
мас болып көзді біз жұмсақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу