Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  100


Автор: Сабырхан Асанов

Сары жапырақ ұшады қыс қайдалап...

Сары жапырақ ұшады қыс қайдалап,
сары түтінмен денесін ыстайды алап.
Көкшіл аспан түбінде қатқан мұзбен,
бара жатыр түстікке құс тайғанап.
Алатау тұр орнында,
мен де тұрмын,
сары арғымақ секілді белде тұрмын.
...Сап-сары күз қойнынан суырып ап,
көктемге тоғыстай бір, кел де, құрбым?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу