Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  94


Автор: Фариза Оңғарсынова

Суаттар

Бір сергіп қайтсам ба екен елге барып,
жаныма жарқын мінез жеңгені алып,
жүзімді жоннан ескен желге жанып,
сатусыз сезімдерге бір сүңгісем,
сол ғана жүрегімді емдері анық.
Бас сүйер болмаса да бір туғаным,
сеземін мені аялар жұртым барын.
Қаншама құлшынғанмен, күңкілдердің
шылбырын жетпей əсте қырқуға əлім,
шаршады шырылдаумен бұл қу жаным.
Жоқ бүгін баяғы арын дауыл күткен,
талықсып кетер жандай ауыр жүктен
(шарасыз шақтарым ба жанымды үккен).
Ойымша: елдегі жұрт елеңдесіп,
жүргендей мені күтіп ауыл біткен.
Сағынып жас-кəрі де, жеңгелер де
(сезімтал жеңгеге жан тең келер ме!)
жастары – бауырым боп, үлкені – аға,
шақырып жүретіндей кел деп елге.
(бір жасап қалам осы ой тербегенде).
Ауыл, ел құятындай қуат нəрін,
тек содан оралардай шуақ таңым,
қайтадан таралардай жыраққа əнім.
Əйтеуір есі-дертім – дала менің,
нəр алар сонда зəмзəм суаттарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу