04.05.2022
  481


Автор: Ербол Шаймерденұлы

ҚОЙЫН ДƏПТЕРДЕ КӨП СЫР БАР

 


Қарсы алдымызда, үстел басында жасы елуді еңсерген қара- торы кісі қолындағы қойын дəптерінің сарғыш беттерін анда- санда ақтарып қойып, əңгімелесіп отыр. Бұл – осы ауылдың аяулы азаматтарының бірі Тұңғышбай Балабатыров. Оның еңбек жолы осыдан отыз сегіз жыл бұрын Қарашалғын МТС-інде басталған. Кейінірек техникумды тəмамдап, агроном болған. Мұндағы өзгерістердің бəрі көзінің алдында. Тыңға шабуыл басталған 1954 жылы қонысы іргелес қазіргі екі шаруашылық – Калинин атындағы совхоз бен «Жұлдыз» совхозының орнында сол кездің өлшемі бой- ынша ірі колхоз болды. 1200 гектар егін өсіретін. Ал қазір бір Ка- линин атындағы совхозда ғана 31 мың гектар егістік бар.



  • Қазіргідей орасан зор өзгерістерге негіз болған тың иге- ру сияқты ұлы іс менің өмірімде ерекше із қалдырды, – дейді Тұңғышбай. – Маған алғашқы тың игерушілерді қарсы алу үлесі тиді. 1954 жылдың апрель айында осындай тапсырмамен Ақмола (қазіргі Целиноград) қаласына келдім. Біздің колхозға бөлінген адамдарды тура еріктілер эшелонынан түсіріп алдым. Тың жер- лерді игеруге қажетті құрал-жабдықтарды да өзімізбен бірге ала


 


келдік. Əлі есімде, Алексей Горобец өзі сонда Ақмоладан мініп келген су жаңа С-80 тракторымен осында тыңның тұңғыш бороз- дасын тартты. Бұл құрмет жергілікті тракторшы Хамза Байманов екеуіне тиді. Сонда Алексей мен Хамза 1954 жылдың 24 майы күні Шелеген, Ақбасты деген өңірде бөлінген 500 гектар жерге тұңғыш түрен салған-ды. Мен сол жайындағы жазбамды көрген сайын көп ойларға берілемін. Өйткені, бұл оқиға бүкіл шаруашылық өміріндегі өзгеше бетбұрыстың басы ғой. Оны біз түгіл кейінгі ұрпақтар да ұмытуы мүмкін емес.


Тың игеру бүкіл салт-санамызға жаңа өзгерістер əкелді. Колхо- зымыз көп ұлтты коллективке айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған еріктілер легі үсті-үстіне келіп жатты. Біз оларды құшақ жая қарсы алдық. Бір-бірімізге тез үйренісіп, қатар еңбек еттік.


Нəтижесінде аз уақыт ішінде-ақ ауыл адамдарының əл-ауқаты едəуір артып, тұрмыс дəрежесі кетеріліп қалды. Шаруашылық эко- номикасы күрт өсті. 1958 жылы совхоз атандық. Сəнді елді мекен бой түзеді. Шаруашылық экономикасы мен ел тұрмысын қазір 50- ші жылдарғымен салыстырудың өзі қиын. Айырмашылық жер мен көктей.


Осыларды ойлағанда, тың игеру сияқты бүкіл халықтық ерліктің жасампаздық сипаты айрықша сезіледі. Бүгінгідей даму қарқынымыздың бастамасы сол болғаны сөзсіз. Өйткені, егер тыңға аттаныс болмаса, Ұлы Отан соғысында арыстай 148 азаматынан айырылған колхозымыздың төрт аяғын тең басқан шаруашылыққа айналуы үшін де талай жылдар керек болар еді ғой.


Сондықтан мен үшін тың игеруге қатысушылар қатарында болғаным – ерекше мерей. Наградаларымның арасында «Тың жəне тыңайған жерлерді игергені үшін» медалінің орны тіпті бөлек. Тың тағдыры біздің де тағдырымызға айналды ғой. Тыңдағы дəстүрлер əр семьяның өмірбаянымен өріліп жатыр. Осы орайда агрономдық кəсіп біздің семьяда да атакəсіпке айналып отырғандығын айта ке- туге болады. Əке ісін балам Қали жалғастыруда. Мұндай мысал- дар шаруашылықта көп-ақ. Əлиакпаровтар əулеті, əкелі-балалы Баймановтар, ағайынды Мазуренколар, əкелі-балалы Горобец- тер де диқандық эстафетасын осылай ұштастыруда. Біздер, аға ұрпақ өкілдері, сонау алғашқы тың игеру жылдары сыннан өткен диқандық тəжірибемізді ізбасарларымызға үйретуден əсте жа- лыққан емеспіз. Өзіміз бастаған істің бүгіндері жаңа арналар тапқанына куə болудың өзі керемет ғанибет екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу