02.05.2022
  401


Автор: Жұбан Молдағалиев

КҮЙ ТОЛҒАУЫ

Алматыдан бір сағаттық жол шамасында,Ұзынағаш селосының түбінде Жамбыл Жабаевтыңөзі тұрған ауылда оның мемориалдық музей-үйіжәне мазары бар. Астанадан шалғай болса да мұндакісі аяғы арылмайды.
Музейге кіріп барғаныңда қабырғада ілулі қолданжасалған бір карта көзге түседі. Кішкене қызылжалаушалар қадалған нүктелерден көптеген елдермен қалалардың аттарын оқисыз. Бұл – Жамбылшығармалары басылған жерлер. Музей қызметкері,әскерлері бір қаланы жеңіп алған қолбасшыдай, дерек тисе болды – жалаушаны жаңа нүктелерге тігесалады.
Ал Жәкеңнің өзі тұрған келесі бөлмеде кәрітарланның жан серігі қағылез, жұқалтаң домбыратұр.
Сол домбыраға үн қоса отырып, кәрі де болсажалынды ақын сонау соғыс кезінде қоршаудағы Ленинградты қорғаушыларды атакаға көтерген атақты«Ленинградтық өрендеріме» деген өлеңін шығарды.Егер осы домбыраға тіл бітсе, Жамбыл туралы,оның өзекті өлеңдерінің шежіресі туралы не бір сыршертер еді.
Осы арада «Домбыраға тіл бітсе» деу, бәлки,жаңсақ та болуы мүмкін. Жәкең «Домбыраға тілбітті» деп жырлап өтті ғой.
 Қала берсе, адамның аузы бармағанды домбыра айтыпты деген де аңыз бар. Қаһарынан қар,қабағынан мұз жауған ханға аң аулап жүрген баласын ақсақ құлан таптап өлтіріп кеткенін айтуғаешбір тіл бата алмағанда, бір күйші домбыраменестірткен емес пе? Атақты «Ақсақ құлан» күйі солайтуған деседі ғой. Сонда хан домбыраның кеудесінқорғасынмен бітетіп тастаған екен.
Бірақ домбыра үні еш заманда өшкен емес.Қайғы мен қуанышқа түгел ортақтасып, халықпенбірге жасап келеді. Жазаны да, мадақты да біргетартты, бірге көрді. Бұл заманда оған шынында датіл бітті, ол да жаңарды, жасарды.
Домбыраға, құйқылжыған күйлерге мен деғашықпын. Күй десе ішіп отырған асымды жергеқойып, еліте тыңдаймын. Күллі дүниені кезгендейқиял құшағында тербеліп, анау-мынау шаруаны да,уақытты да ұмытамын. Күйге балқып күрсінген де,күлімдеген де минуттарым көп. Күй күшімен туғанөлеңдер мен дастандарым да бар.
Қазақта «күй» деген музыкалық ұғым ғанаемес. Біз біріміз бен біріміз кездесе кетсек, «жайкүй жақсы ма», «күйлімісің» деп сұраймыз. Күй –көңіл айнасы, күй – өмір.
Қазақтың түпсіз тұнық дариядай ғаламатшежірелерді бойына сіңірген өлең-дастандарыөз алдына, ұшы-қиырсыз далада туған әрқилыкүйлеріне құлақ қойып отырып та халықтың алуантіршілігін көз алдынан өткізуге болар еді.. Бір ғанаҚұрманғазы күйлерінің өзінде қаншама өмір жатыр! «Көбік шашқан» – халықтың қасірет-қайғысы,ыза-кегі, булыққан берен күші. «Түрмеден қашқан»  мен «Кісен ашқан» – арпалыс, бұғауды бұзу,азаттық арманы. «Лаушкен» – тар жол, тайғақ кешуде бірге болған орыс досы Лавочкин туралы. «Некричи, не шуми» – жаналғыштай жекірген патшажендеттеріне қарсы тасталған өр үн, «Арба соққан»– тозығы жеткен замандай шиқылдап-сырқылдағанарбаға таңылған тағдыр. Ал «Сарыарқа ше? Дархандала, кернеген қайрат, жер қайыстырған ат дүбірі,сұлулыққа, қуанышқа сусындау, салтанат сезімі.
Өткен жылы күзде мен қазақ өнері шеберлерініңбір тобымен бірге Үндістанның бірсыпыра жерінаралап қайттым. Қай штатта да бізді қалаулы достарындай қарсы алды. Әсіресе, Химачал – Прадешштатының бір қаласындағы кеш әлі көз алдымда.Стадион – лық толы халық. Айнала қара күңгірт.Тек ортада біз үшін әдейі даярланған сахнанығана электр жарығы нұрландырып тұр. Екі жақтанайтылған құттықтау сөздерден кейін сахнаға қазақартистері шықты.
– Қазақтың халық композиторы Құрманғазы.«Сарыарқа» күйі, Орындайтын – Қазақ ССР-ініңеңбек сіңірген артисі Мағауия Хамзин, – деп жариялады біздің тілмашымыз.
Сол сол-ақ екен, қос ішекті домбырадан шыққаналғашқы үннің өзі жұртты сиқырдай баурап алды.
– Ғажап-ай, – деді менің жанымда отырғансол штаттың бір биік лауазымды кісісі, – мына бірүн саңқ еткенде қараңғы түн ішінен кенет күн нұрыжарқ еткендей сезіндім. Не туралы бұл, авторықандай кісі?
Мен күйге бірер сөзбен құлықтама бердім де,Құрманғазының өткен ғасырда өмір сүргенін айт-
 тым. Сырт қарағанда үлкен ожаудай қос ішекті осыбір қарапайым ағашқа осынша құдіретті әуен берген күйшіні бұл кісі кемі бір консерватория бітіріп,музыканың сиқыр сырын мейлінше игерген композитор шығар деп ойлады-ау деймін.
Сөйткен Сағырбаев Құрманғазы, өз тұстарысекілді консерватория түгіл мектептің не екенінбілмеген ғой. Бірақ заманы қараңғы болса да жансарайы, ақыл-ойы сәулетті бопты. Сол кездегіжаһанкез журналист И.Савичев былай деп жазғанекен: «Сағырбаев – сирек кездесетін музыкалы жан.Егер ол европалық білім ала қалса, музыка әлеміндеаса ірі жұлдыз болар еді».
Құрманғазы күй атасы ғана емес, халқының адалперзенті, асыл азаматы, азаттық жаршысы ретіндеде ардақты. Емельян Пугачев пен Исатай-Махамбет көтерілістерінің дүбір-дүмпуілін естіген Жайықдаласында ер жеткен Құрманғазының хан-сұлтандармен патша өкіметінің қуғын-сүргініне ұшырап,айдаулар мен абақтыларды бастан кешіргені декүрескерлігі үшін ғой.
Мен ер Махамбеттей «өз» алдияры алдындамынадай сөзді бетпе-бет айтқан ақынды білмеймін.
Хан емессің – қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын.
Хан емессің – ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Бұл – Махамбеттің өзін сарай ақыншы етпек болған Жәңгір ханың алдында айтқаны. Мұны  мысалға алып отырғаным, Құрманғазы – күйдегіМахамбет демекпін.
Әрине, мен әлгі үндістандық көршіге бұл туралыайта алғам жоқ. Ол және оның жерлестері «Абай»операсынан Абайдың, «Садко» операсынан Үндіқонағының әнін шырқаған Қазақ ССР-інің еңбексіңірген артисі Нариман Қаражігітовтың дауысына да әбден сүйсінді. Олар опера театры да, тіпті«опера» деген сөздің өзі де қазақ даласына тек ҰлыОктябрьден соң келгенін қайдан білсін.
Ежелден бишіл ел үнділіктер «Жас балет»ансамблінің талантты жетекшісі Қазақ ССР-ініңеңбек сіңірген артисі Болат Аюханов пен сол балеттіңең жас бишісі, еліктің лағындай сүйкімді СайракүлНұрсұлтанованың ұлттық өрнекке толы әсем, оттыбилерін де жоғары бағалады.
– Тегі, қазақ халқы да бишіл халық шығар, – дедікөршім маған бұрылып. Бірақ стадиондағылардыңдүрліктіре қол шапалақтауы менің жауабымдыестіртпеді оған...
Жасыратын несі бар, өз басым «бізде бұрынанау жоқ еді, мынау жоқ еді, мешеу ел едік, қараңғыедік» деп орынды-орынсыз қақсай бергенді оншажаратпаймын, арланамын. Ол халықтың осынша талантымен, осыншама мол мүмкіншілігіменсыйыспайтын сияқты. Өздеріңіз ойлаңызшы, санжағынан шағын халықтың сансыз шапқыншылыққақарамастан мынадай шексіз-шетсіз жерді сақтапқалғанының өзі төтен ерлік емес пе?
Құрманғазы күйлерінен де айқын көруге болады,біздің қазақ музыкашыл халық. Әнге десе – оданбетер. Ертеде қазақ әншілерінің дауысын сынаған –  сарай залдары емес, жалпақ дала. Бұрынғы өлшембойынша, нағыз әншінің дауысы, мысалы, түндешырқағанда бір ауылдан екінші ауылға жетуге тиіс.Ал қазақ ауылдарының арасы: жақын дегенде 10-
15 километрден болған ғой.
Менің халқымның дарындылығын оның өлеңжырларынан, аңыз-ертегілері мен өшпес эпосынанда сезінуге болады. «Алпамыс», «Қыз Жібек»,«Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қобыланды»,«Қамбар» сияқты дастандарымыз дүниежүзілікпоэзияның асыл қазынасын байытатын мұралар.Данышпан Пушкин Пугачев көтерілісі туралыматериал жинауға шыққан сапарында Орал қаласынатоқтап, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаныментанысып, оны қатты ұнатып орыс тіліне аудармақбоп жазып алып кеткен ғой. Амал не, Пушкин өмірітым қысқа болды.
Осының бәрі рас. Сонымен қатар сол таланттыхалықтың көзі хат танымай, тар қапаста тарығыпкелгені де, ғылым мен мәдениеттің көптеген саласынанкенде қалғаны да рас. Жаппай сауаттылық, операмен балеті театр өнері, кинематография, живопись,ұлттық роман, кітап басу – осының бәрі советтік 50жылдың ғана жемістері.
Қазақта «Жарлылығын жасырған – байымайды»деген мәтел бар. Аталы сөз. Еліміздің дәстүрсалтын, көне тарихын қаншама қадір тұтсақ та,оның жарлы болғанын, жел аударған қаңбақтайкөшіп-қонып жүріп, құла түз бен малдан басқаеш нәрсе көрмегенін қалай, не үшін жасырамыз?Әйтпесе, «өзі болған қыз – төркінін танымайды»  дегендей, бүгінгі бақытымыз бен азаттығымыздыңқимас қадір-төркінін танымай қалармыз.
Мен қазақтың музыкажанды халық екенінайттым. Даусыз солай. Бірақ күйден басқаешқандай музыкалық жанр болмағаны да даусыз.Опера былай тұрсын, симфония, оратория, поэмадеген ұғымдарды да кейін білдік. Тіпті домбыраныңөзі қаншама асқақ әуенге, үлкен өріске ие болды?Енді онымен небір күрделі шығармалар тартылады.Әлгі Үндістанда қай жерде болсақ та әрбір жиналысбүкіл зал боп Үндістан республикасының гимнінжырлаумен аяқталып отырды. Сондықтан сондайжиындардың соңында біздің Мағауияға домбыраменөзіміздің Совет Одағының гимнін де талай реторындауға тура келді.
Ғасырлар бойы бір де бір аспапқа үні қосылыпкөрмеген домбыра – бүгін біздің тамаша ұлттықоркестріміздің негізгі құралы, бірінші «скрипкасы».Оркестр демекші, ол – менің ең биік мақтанышымныңбірі. Оның маған ұнамайтыны жоқ. Қазақтың халықаспаптар оркестрі делінуі де, құдіретті Құрманғазыатымен аталуы да, тек өзіне тән сұлу әуезі де,бармағынан бал тамған бүлдіршіндей оркестрантқыздары мен жігіттері де – қысқасы, бәз-бәріқуантады мені. Қазақтың музыка өнерін енді бұлоркестрсіз көз алдына елестете алмаймын. Бүгін бұлоркестрдің үнін жер бетінің көптеген түпкірлеріндебірден таниды. Оның орындауында Моцарт пенГлинканың, Шопен мен Чайковскийдің, Брамспен Дворжактың шығармалары жаңа әдемі бояу,терең сыр-сипат тапты. Сонымен қатар «оркестр»деген ұғыммен бірге қазақтың домбыра, қобыз,  дауылпаз сияқты музыкалық аспаптарының басынқосып, солардың тұңғыш оркестрін, оның атасы етіпқазақтың тұңғыш маман музыканты, республиканыңхалық артисі академик марқұм Ахмет Жұбановтыөнерге әкелген де – біздің советтік дәуір.
Ең кереметі, ең маңыздысы – осынау музыкалықаспаптардай, жүздеген жылдар бойы үні де, күші дебірікпей, сансыз руларға бөлініп, қанаушылар меншапқыншыларға оңай жем боп тозғындап жүргенқазақ халқының басы қосылып іргелі ел болуы,мемлекет болуы. Республиканың еңбек сіңіргенколлективі – Қазақтың Құрманғазы атындағыхалық аспаптары оркестрінің орындауында таланттыкомпозитор Сыдық Мұхамеджановтың «ШаттықОтаны» деген шабытты поэмасы дәл осы жайдымашықтайды. Ақындардың жырлары да сол туралы.Қай салада болмасын біз социалистік қоғамныңұйтқы күшіне қарыздармыз.
Бір кісінің бес ер жеткен ұлы болған екендейді. Күндердің күнінде ол да қартайып, өлерсағаты таянғанда қолына бес тал тобылғы алып, бесбаласына беріпті де, «сындырыңдар» депті. Бесеуіде бір-бір тобылғыны қақ бөліпті. Содан соң қариябес тобылғыны бұрап бірге қосып байлапты да, «алтағы сындырып көріңдерші» деген. Енді оған бес
ұлының бірде бірінің күші жетпепті.
Сонда қарт:
– Міне, көрдіңдер ме, сендер де бесеуің бесжаққа тартып, жалғыз-жалғыз жүрсеңдер, оп-оңайсынасыңдар. Бесеуің бір бүтін болсаңдар, ешкіммұқата алмайды, – деген екен.
 Осы бір даналықта қазақ халқының ежелгі ойтілегі бар еді.
Қиял сонау аласапыран күндерге, революцияныңалғашқы жылдарына әкетеді.
Қазақ даласында да жау жағадан, ит етектеналып жатқан кез, аштық пен жалаңаштық қысымыда осал емес. «Байтал түгіл бас қайғы» дегендейжағдай.
Бірақ күн шықса таң атпай тұра ала ма, ҰлыОктябрьдің өміршең күші, лениндік идеялар нұрықазақ елін, тас қараңғы зынданнан күн көзінешығарғандай, дүр сілкіндірді. Қаншама дауыл соқсада, көктемнің аты көктем ғой, ол күшіне кірмейқалмайды. Сол сияқты жаңа өмір көктемі де кеңбайтақ өлкені қауырт жаңғырта бастады. Алғашқысоветтік мектептермен, алғашқы советтік газетжурналдармен бірге сол кезде қазақ совет әдебиетіде іргесін көтеріп шыға келді. Ал революционер ақынСәкен Сейфуллин тұңғыш халықтық үкіметіміздің –Халық Комиссарлар Советінің председателі болды.
Осыған орай, 1920 жылдың 4 июніндегі мынабір кішкене документке көз салайықшы. Бұл –В.И.Лениннің қазақ жолдастарға баспахана, қағазжәне басқа баспа жабдықтарын тауып беру жөніндеВ.Воровскийге жазған қағазы. Соны көріп тұрыпбіз әлгі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, ШолпанИманбаева сияқты қазақ совет әдебиетінің алғашқықарлығаштарының шығармалары ұлан-байтақөлкеге, бәлки, сол Ленин берген баспаханадан қанатқаққан шығар деп айта аламыз. Қазақ ақындарының  ең бірінші махаббат, алғыс сөздері де Ленингеарналған болатын.
Енді кейбір мәдени өмір хроникасына назараударайық.
1925 жыл. Сонау қиырдағы Семейде ӘміреҚашаубаев деген жас жігіт тіршілік етеді. Семейліктер,соның ішінде әнқұмарлар оның бір байдың жалшысыболғанын және әнді жақсы салатынын ғана білетін.Бұрын, тіпті сол кездің өзінде, қандай дарын болсада туған ауылдан асып, жалпақ қазақ даласынатанылу аз уақыттың ісі емес еді. Міне, сондайжағдайда ойда жоқта Әміре Қашаубаевты дереуМоскваға шақыртқан телеграмма келеді. КелгендеРСФСР Ағарту халық комиссары А.Луначарскийдіңөзінен! Москваға ғана емес, Париждегі дүниежүзілік көрмеде этнографиялық концертке қатысуғашақыртқан.
Әміре башқұрт қурайшысы Есенбаев, өзбекбишісі Тамара ханум және басқа өнерпаздарменбірге атышулы Парижде боп, табиғат аямай бергенасқақ әншілігімен тыңдаушыларды қайран қылады.Қазақ көркем өнерінің халықаралық аренаға шығуысолай басталды.
Сөйтіп Совет өкіметі дүниеге келген алғашқыжылдарынан бастап, теңіз түбінен інжу-маржаніздегендей, ұшы-қиырсыз қазақ даласында небіржарқын таланттарды жарыққа шығарды, өмірсахнасына әкелді.
Солардың бірі боп қазақтың тұңғыш профессионалтеатрына Күләш Байсейітова келді. 1936 жылысовет көркем өнерінің ең көрнекті қайраткерлерінебірінші рет СССР Халық артисі атағы берілгенде,
 соның ішінде біздің Күләш та бар еді. Ұлы бұлбұлсол кезде небәрі 24 жаста ғана болатын.
Қазақтың жас көркем өнерінің қалыптасып,ер жетуінің, есеюінің, құлашын кеңге жаюыныңүлкен бір байқауы болған нәрсе – 1936 жылыМосквада өткен онкүндік. Мұнда «Қыз Жібек»,«Жалбыр» сияқты тұңғыш операларымыз көрсетілді.Онкүндіктің спектакльдері мен концерттері, ұлы орысартисі В.И.Качалов жазғандай, «өзінің сұлулығы,күші, шеберлігі жағынан ұмытылмастай» болды.
Қайта туған халықтың белгісіндей сол тұстаЖамбыл үні де саңқылдап естілді. Оның әлемдікпоэзия картасының бетіне түсуі сол 1936 жылдыңмайында «Правда» газетінде жарияланған «Туғанелім» атты тамаша поэмасынан басталды десек теболады.
Сол жылдар тағы бір асқан дарынды бүкілОдаққа паш етті. Ол ұлы Құрманғазының шәкірті,Жамбылдың замандасы, майталман күйші,композитор Дина Нұрпейісова. Ол да жаңа замандажаңа творчестволық шабытқа, күй қанатына иеболып, ол да Жамбыл сияқты, советтік дәуірді жанжүрегімен дәріптеп өтті. Тағы бір суретті көз алдынакелтірейік. 1926-1928 жылдар. Қазақ ауылдарыныңбіріне түстеніп, біріне қонып жүрген түйе керуендері.Үстерінде тең-тең жүк. Бұл не, шай-су, киім-кешекпе? Жоқ, бұл жолы ол емес. Бұл бір қызық керуендер– бейнелеу өнерінің көшпелі көрмесі – социалистікқұрылыс, жаңа тұрмыс суреттері еді.
Мұндай көрмелер мәдени шаралар боп қанақалған жоқ, қазақ еңбекшілерін көркем өнердіңөздері үшін әрі бір тың жанрымен, әрі көз тартарлық,
 жүрек тебірентерлік бір сұлу түрімен таныстырды,ондаған жастарды суретшілікке ұмтылдырды.Солардың бірі – сауатсыз кедей малшының баласыӘбілхан Қастеев – қазір Қазақ ССР-інің халықсуретшісі, республиканың Шоқан Уәлихановатындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Шоқан демекші, қазақтың тұңғыш жиһанкезғалымы, Россия География қоғамының мүшесі,Федор Михайлович Достоевскийдің жақын досыШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – өз қолымен салғансуреттер қалдырып кеткен бірінші қазақ. Өткенжылы Алматыда Қазақ ССР Ғылым Академиясыүйінің қарсы алдында Шоқан Уәлихановқаайтарлықтай ескерткіш орнатылды. Бір қызығы: солескерткіш авторларының бірі – Шоқанның шөбересі,архитектор Шота Уәлиханов. Екінші авторы –қазақтың тұңғыш скульпторы Қазақ ССР-інің халықсуретшісі Хакімжан Наурызбаев. Алматыда Абайғатұрғызған монументтік ескерткіштің де авторы сол.
Шоқанға ескерткіш ашылуы үлкен мәдени мерекеболды. Халық сол алаңға сыймай кетті. Сонда бірқазақ қарияның:
– Өлгенді тірілткен, тіріні сүйінткен, айналайынзаман-ай! – дегенін естідім.
Өздерімен бірге бейнелеу өнеріне қазаққыздарының образдарын ала келген біздің біріншіәйел суретшілер Айша Ғалымбаева мен ГүлфайрусИсмаилова да сол жерде тұрды.
Мен әдейі кейбір біріншілерді ғана еске алыпотырмын. Әйтпесе фамилиялар мен фактылардыңөзі бір кітап болар еді.
 Сонда да тағы бір біріншіні атамай кетеалмаймын. Ол – таяуда ғана дүниеге келген қазақциркі. Біз Алматыда оның алғашқы ойындарынғана көрдік. Осы аз күннің ішінде оның санамызға,тұрмысымызға сіңгені сонша, тіпті ол бізбен,халқымыздың қаулаған мәдениетімен көп жыл бойыбірге жасап келе жатқан тәрізді.
Көріп отырсыздар, мен «жоқ еді» дегенненбарынша қашқалақтап, тек бүгінгі қолда бардыңтөңірегінде, қазіргі әдебиетіміз бен көркемөнеріміздіңкейбір ұмытылмас жәйттерін ғана еске алуғаталпындым. Бірақ айта бергің, айта бергің келеді.
Өз еңбегінің жемісін мақтан ету, дүниені, өмірдіжаңарта беру, көркейте беру, болған үстіне болсындеу – тегі адам жанының керек-жарағы болса керек.
Әлемге Байқоңыр биігінен көз тастап туғанреспубликам туралы толғанғанда маған мынадай ойкеледі:
Шіркін-ай, бір жүз жыл бұрын
Келсе ше Ұлы Октябрь!
Лениндей біздің күн нұрын
Берсе ше сонау шақта бір!
Құдай-ау, қайсы биіктен
Көрер ең сонда қазақты!
Шолпаннан киіт киіп мен
Жүрер ем – уақыт аз ақ-ты.
Аз ақ ты, көпке татыды –
Елу жыл, саған табынам.
Оздырдың жабы атымды
Европа майталманынан...
 Бұған көзін жеткізгісі келген кісі біздіңҚазақстанды аралап көрсін, әрбір қазақпен тілдессін,оның қонағы болып, жырын, домбырасын тыңдасын.
Қазақтың демократ ақыны СұлтанмахмұтТорайғыров «Бір адамға» деген атақты өлеңіндебір бай шалдың «Бұрынғы атамызға сыйға бергенбіздерде мынадай бар, мынадай бар» деп неше түрліжиһаздарын, шенге алған шекпендерін, күміс кесе,алтын аяқтарын көрсеткенін ызалана шеней отырып:
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп, –
дейді.
Ал бүгінгі қазақ көрсетсе, ол тек өз еңбегінің, өзқолының жемісін, өз ақыл-ойының, өз заманыныңмақтанышын көрсетеді. Сыртта тұрса, жаңақалалары мен ауылын, жаңа алып құрылыстардынұсқайды, түзге шықса, алтын теңіздей егінжайын көрсетеді, үйіне кіргізсе, ең алдымен өзкітапханасын – кемеңгер Абай Құнанбаев пенЛениндік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Әуезовтың,Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың, ҒабитМүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің, Жамбылмен Тайыр Жароковтың томдарынан бастап қазіргіжастардың кітаптарына дейін көрсетеді. Оныңкітапханасында сіз қазақ тілінде орыс классиктерішығармаларын, көп ұлтты совет әдебиеті мен дүниежүзі әдебиетінің озық үлгілерін табасыз. Ол сізгеатақты әншілер мен музыканттардың дауыстарыжазылған пластинкаларды да тыңдата алады. Бірақ еңәуелі, әрине, Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері,
 ССРО Халық артистері Күләш Байсейітова, ЕрмекСеркебаев, Ришат Абдуллин, Роза Жаманова, РозаБағланова, Бибігүл Төлегеновалардың әндері, қазақопералары жазылған пластинкаларды мақтанышпенұсынады. Ол тіпті ауылда тұрса да, Алматыдақазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялық драматеатрының сахнасынан небір спектакльді, соныңішінде дүние жүзілік драматургияның таңдаулышығармаларын көргенін айтып береді.
Біз, жазушылар, өз кітаптарымызға қазақжеріндегі, қазақ еліндегі, адам жанындағы осындайреволюциялық өзгерістер мен жаңалықтарды өзекетеміз. Көп ұлтты совет әдебиеті бақшасының іріде жемісті бөліктерінің бірі – қазақ жазушыларыотрядын тудырған да сол ірі өзгерістер, коммунистербастаған халықтың шексіз ерлігі, социалистік дәуір.Шабыт көзі, қанат қайнары сонда жатыр.
Бүгін тек Жамбыл шығармаларының ғанаемес, бүкіл қазақ әдебиеті туындыларының қаншатілде, қанша елдің қанша қаласында басылғанынкөрсететін карта жасаса, ол картаның көлемідүние жүзі картасына ұқсас болар еді. Жамбылдыңөлеңдерін, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын,қазақ әдебиетінің жоғарыда аталған тарландарынатамағанның өзінде Тахауи Ахтанов пен ӘбдіжәмілНұрпейісовтың, Хамза Есенжанов пен БауыржанМомышұлының романдары, Әбділда Тәжібаев пенҚалижан Бекхожиннің, Хамит Ерғалиев пен СырбайМәуленовтың өлеңдері де талай елді алып жатыр. Алқазақ көркем өнері шеберлерінің дауыстары барлықконтинентке естіліп тұр. Бұл – жеңіспен барабар табыс. Әдебиет пен көркем өнердің халықтар
 жүрегін баурап алуы, өзге тілдерге енуі – әскерижеңістен кем де соқпауы ықтимал. Бұл игі жеңіс.
Адам өз басына іс түскен қиын-қыстау кездеқол ұшын берер, ақыл айтар, сүйеу болар ағайынтуысқанын, дос-жолдасын қандай іздесе, үлкенқуаныш шағында да солардың бірге, бір дастарханүстінде болғанын тілейді. Республика мен ҚазақстанКомпартиясының 50 жылдық торқалы тойы үстіндебіз, қазақтар, алдымен сондай ет жақын достарымызды, қалтқысыз қайырымды ұстаздарымызды – дыраударынды, ыстық жүректі жазушы, музыкант, биші,әнші, суретші небір ғажап орыс адамдарын, ұлыорыс мәдениетін еске аламыз, ұлы орыс тіліне басиеміз. Даламыз қандай байтақ болса, оларға дегенмахаббатымыз бен алғысымыз да шексіз-шетсіз. Бізбүгін көп ұлтты совет әдебиетін бірге жасасып кележатқан барлық достарымызға ыстық сәлем жолдап,«Рахмет, мың рахмет, бауырлар! – дейміз. – Біздіңтой – сендердің тойларың, сендердің қуаныштарың– біздің қуанышымыз. Сендер біздің мерекелідастархан басынан ғана емес, жүрегіміздің төріненорын алып отырсыңдар. Қазақ жүрегі – қалтқысызжүрек, жомарт жүрек».
Мінеки, радио қазақтың Құрманғазы атындағымемлекеттік халық аспаптары оркестрініңорындауында ең бір сүйікті күйді беріп жатыр. Күйаты – «Мереке», авторы – гурьевтік жас композиторСейілхан Құсайынов. Мен қаламымды былайқойып, сол күйге елітемін. Ол менің жүрегіммен,көңіліммен үндес. Ол біздің үлкен салтанатымыздыңувертюрасы, кіріспесі сияқты. Ол мерекеге, өлеңжырға шақырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу