02.05.2022
  261


Автор: Жұбан Молдағалиев

ДАРХАН – ДОСТЫҚ ДҮКЕНІ

Осы бір очеркті қалай атауды ойлағанда меніңтіліме бірнеше тақырып оралды: «Дархан – ежелгіелдің жастық шағы», «Дархан – республика ертеңі»,«Дархан – монғол халқының мақтанышы»... Осыныңбәрі де шындыққа сай келеді және жұрт та солайатайды. Бірақ Монғол Халық Республикасында,монғол жазушыларында қонақ болған екі аптаныңішінде ең көп естіген сөзім: «Дархан – достықдүкені». Халық айтса, қалт айтпайды дегендей, менде осыған тоқтадым.
Лирикалық шегініс ретінде тағы да бір айтакететін нәрсе: осы «дархан» деген сөз Улан-Батораэродромына түсіп, ежелгі монғол жерінің алғашқыметрін аттап баса бергенде-ақ құлағына сап етті.«Апырау, мынау қайдағы қазақтың аузынаншықты?» деп елең ете қалған мен, айналама қарапедім, монғол достардан басқа ешкімді көре алмадым.
 Дархан! Бұл – біздің қазақтың қазіргіұғымында ұлан-байтақ даламыздай кеңдіктің, асқанжомарттықтың баламасы ғой. Дархан дала, дарханкөңіл дейміз біз, мысалы. Рас, «Дархан» деген сөздіңөзге мағынасы болған. Орталық Қазақстанныңкейбір жерінде қазір де ол «ұста» деген ұғымдақолданылады.
Машинаға отырып, аэродромнан Монғол халықреспубликасының астанасына бет ала бергенде әлгісөзді тағы естідім. Бұл жолы Монғол Жазушылародағының секретары Тарваның аузынан шықты олсөз.
– Сіздің бір баратын жеріңіз – Дархан қаласы,– деді ол көтеріңкі, маған бір айрықша жақсылықтыхабарлағандай. – Біздің елдің бүгінгі сипаты менертеңіне көз жібергісі келген кісі, алдымен Дархандыкөруі керек. Қандай дейсіз бе? Жоқ, жоқ, басқаеш нәрсе айтпаймын, бара көрерсіз. Қандай екенінсосын сіздің өз аузыңыздан естиік, қонақтың көзіменкөрген қызық қой, – деді күліп Тарва.
Сонымен менің әзірше анықтағаным – сөзболып келе жатқан Дархан – қала боп шықты.Рас, есіме түсіріп көрсем, оның аты біздің орталықгазеттердің бетінен көзге шалынғаны бар еді. Бірақмен, шынымды айтсам, оның атына да, затына даой тоқтатқан емес едім. Міне, енді ол алдымнаншығып отыр. Мен Тарвадан «дархан» деген сөздіңмағынасын сұрадым.
– Ә, мұны айтуға болады! – деді Тарва жымиып,– «Ұста» деген сөз. Ұста!
Пәлі! Сайып келгенде бұл мен үшін, жоғарыдаайтқандай, тума сөз боп шықты.
 Міне енді 4-5 күннен кейін әлгі Тарва жолдасекеуіміз сол Дарханға тартып келеміз.
Улан-Батордан он шақты километр шыққансынақ асфальт жол (кейін тас жол), құрсауға түскенжыландай, әр қилы таулар тізбегінің қыспағындабұралып, бұлаңдады да отырды. Біздің даңқтыАлатаудай биік құзды, жақпар тасты жасылшыршалы болмаса да, бұл таулардың да ұшықиыры жоқ секілді, қайсы бірінің басында аласабіткен ойдым-ойдым ағаш ұрпағы да кездесіпқалады. Жалпы Монғолияның солтүстік-батысбеті осындай орманды, таулы екен. Жол бойыныңертедегі қазақ жеріне бір ұқсастығы бар: ол – ауыларасының шалғайлығы, Улан-Батордан Дарханғадейінгі 230 километр қашықтықта екі-ақ елді пункткездеседі. Әйтсе де ерсілі-қарсылы ағылып жатқанмашиналар осы айналада бір үлкен өмір арқасы барекенін, біз де, өзгелер де соған барып құйылатынынсездіргендей.
Дарханның өзінен бұрын түтіні көрінді.Өнеркәсіпті қаланың кешкі аспанына тән биікмұнар бір қырқа ілгері көзге түсті. Ал өзі болсакезекті дөңеске көтерілгенде, ойпаттан, аяқ астынаншыға келді. Көкке шаншылған мұнаралар сияқты,зәулім завод тұрбалары, құрылыс крандары, еңселіэлеватор, көсілген көше-көше жаңа тұрғын үйлер,соларға кейде таяу, кейде оқшау топ-топ болыпшүпірлеп бүрісе қалған киіз үйлер, – міне Дарханосындай таныс та бейтаныс суреттерімен қарсы алдыбізді.
Кешікпей электр шамы да жағылды. Аяздан ба,әлде әлгі әр тұрбадан, әр адамның аузынан шыққан
 бұдан ба, қаланың кешкі аспаны бір түрлі ақшаңдақтартып тұр. Кенет көтеріле қалған салқын желащы түтін иісін танауыңа әкеп тығады. Ағыл-тегілжүріс-тұрыс, еңбек дүбірі әлі де манағы қалпында,күшеймесе, бәсеңдемеген. Республика картасынажаңа түсіп жатқан осынау қала қазір маған әрдайымбір ырғақпен соғып тұратын жас алыптың жүрегісияқты болып көрінді. Мен онымен әлі танысыпүлгергем жоқ, бірақ ол мені баурап үлгерген тәрізді.Әр аттаған сайын, оның өмірінен қызық-қызықсуреттер көрем.
– Мынау сізге таныс сурет шығар? Қайранбалалық-ай! – дейді Тарва мұз қатырған біркішкене алаңда хоккей ойнап жүрген балалардынұсқап. – Әрине, таныс! Бірақ сәл кідіріп, құлақтоса қойыңызшы! Балалардың ұғысуына қарасаң:бірақ тілде ұғысатын сияқты, ал сөздеріне қарасаң,монғол-орыс сөздерінің аралас сөздігін естисің.
– Дархан – достық дүкені деген осы! – депкүледі Тарва.
Ертеңіне Монғол халық-революциялықпартиясының Дархан қалалық комитетінің біріншісекретары Б.Дамдин жолдас та өз әңгімесінбізге осы сөзден бастады. Көп жыл бойы партияқызметінде болып, байсалдылыққа, әр сөзін пішіпайтуға дағдыланған, ет бетті, жылы жүзді, құбаөңді, дембелше келген жігіт ағасы бұл кісі де Дарханжайлы сөйлегенде, тіпті кейде асқақ патетикаға бойұрын кетіп отырды.
– Біздің монғол халқында достық туралы,достық ғаламаты туралы талай тамаша аңыз бар,– деді Дамдин. – Адам мен адамның, жүрек пен
 жүректің айнымас ынтымағы жөнінде небір нақтымысалдар да жоқ емес. Бірақ халық пен халықтыңқалтқысыз достығының мұндай кереметін көне тарихкөріп білген емес. Рас, біз «Достық» деген сөзді жиіайтамыз, сондықтан оған құлақ та үйреніп кетеді.Алайда, монғол-совет достығы, соның бір перзенті– Дархан туралы сөз болғанда жан-жүрекпентебіренбеу, ыстық сезімге бөленбеу мүмкін емес.
Б.Дамдин осыған орай айтайын деген әдемі,айшықты сөзге тілі жетпей қалғандай, сәл бөгеліпотырып, өзге бір байсалды қоңыр дауыспен Дарханшежіресін баяндап берді.
Дарханның тұңғыш кірпіші 1961 жылы 17октябрьде, КПСС XXII съезі ашылған күні төселгенекен. Дархан дастанының алғашқы бетінің ашылуыбұл күнге сай келуі кездейсоқ нәрсе емес, монғолдостарының совет халқына, оның Ұлы Лениндікпартиясына деген шексіз алғыс сезімінің нақтыкөрінісі. Бір жылдан кейін, Дарханға монғолүкіметінің арнаулы шешімі бойынша қала атыберілді.
Дарханның қала аталуы да тегін емес. Негізіненсовет мамандарының, совет техникасының күшімендүниеге келген ол қала атына өзінің бүгінгі бүкілтамаша болмысымен ие болып отыр. Өнеркәсіпорындары бар, тұрғын үйлері бар, осы аз уақыттыңішінде онда екі жүз отыз бес объекті салыныпты.Ұзындығы 75 километр Дархан-Шарын-гол теміржолы, Дархан-Шарын-гол жоғары вольтті электржелісі іске қосылған. Кеше алыстан көзге түскентамаша зәулім элеватор да белгіленген мерзімненбірнеше ай бұрын пайдалануға беріліпті. Дарханды
 тік көтерген, әсіресе өндіріс базасы құрылысыныңшапшаң да ойдағыдай аяқталғандығы. Біз келгендеТЭЦ құрылысы аяқталу қарсаңында екен. БұлШарын-гол Сухэ-батор, Ұлан-Батор қалаларында даэлектр қуатын беретін болады. Ал поляк, чех достарыцемент, силикат, заводтарын іске қосады. 1966жылдан бастап ет комбинатын, шұға комбинатын,сүт, жеміс-овощ, консерв комбинаттарын салубелгіленіпті.
Бір қызығы: төрт жасқа енді ғана толғалыотырған осы қала қазірдің өзінде «Ескі Дархан»атала бастаған. Өйткені осы арадан 4 километрқашықтықта нағыз Дархан – жаңа социалистік қалақұрылысы қолға алынып жатыр. 60 мың адамғаесептелген бұл қала бірнеше микроаудандардантұрмақ.
Қазір бірінші, микроаудан құрылысы басталыпты.180, 120, және 40 пәтерлік үш тұрғын үй, 964 және600 балаға арналған екі мектеп, балалар бақшасы,4000 номерлік байланыс үйі салынып жатыр. Дарханқаласы құрылысының бастығы волгоградтық ЮрийАфанасьевич Вачугов бізді бұл ғана емес, 1970-
1980 жылдардағы Дарханмен де таныстырды.
– Ал мына стадион, 7 қабат мейманхана, клуб,музей үйлері, пионер сарайы, кинотеатр, емхана,жазғы театр, сауда орталықтары одан әлдеқайдаберіде дүниеге келеді, – дейді Юрий Афанасьевичқала құрылысының жоспарын көрсетіп тұрып.
1965 жылы қала құрылысына қажеттіобъектілердің бәрі, сондай-ақ, Дарханмен бүкілтіршілігі тығыз байланысты Шарын-гол көміркарьері тегіс пайдалануға беріліп, монғол достардың  өз қолдарына көшпек (кейін солай болды да). Осығанорай ең үлкен мәселе – анау өндіріс базасы, ТЭЦкөмір карьері сияқты кәсіпорындарын меңгеретінмамандар даярлау. Осындағы совет құрылысмонтаж тресі оқу комбинатын ұйымдастырып, 1962жылдың ноябрінен бері монғол достардан 2700адамды 18 мамандық бойынша үйретіп шығарған.Электромонтер Яндаг Жанчив, дәнекерші РэнчинЛхамсурэн, слесарь-монтажшы Дондог Барпочтох,аккумуляторшы Милха, автослесарь ДуламсурэнТормондах, дизелыні Магсар Дигийрааз, кочегарНордром Дорж, арматуршы Батогийн Сэрод,бетоншы Сантийн Дэлгэр сияқты монғол жігіттерініңесімдерін құрылыста құрметпен атайды. Дархан оқукомбинатын бітіргендердің бірсыпырасы енді сонауУлан-Баторда, Налайхада істеп жүр. Оқу комбинатыөзінің осы бір үлкен де игі жұмысын ықыласпенжүргізіп келеді. Комбинат директоры Д.Якимов, біркезде Сарай алаңы мен Нева проспектін сәндендіружұмысына қатысқан ленинградтық штукатуршыН.Михайлов, москвалық тасқалаушылар Б.Бобков,Н.Аброшин, Белгородтан келген ағаш шеберіН.Семенов, ленинградтық арматуршы И.Анпилоговжәне басқалары өздерінің мол біліктері ментәжірибелерін монғол достарға сарқа беріп жүр.
Әңгіме үстінде Б.Дамдин жолдас осындай істергебайланысты, совет-монғол достығының жарқынкөріністеріне, нақты мысалдарға орала берді.
– Өткен жылы жаздың қақ ортасында,июль айында керемет қалың қар жауып, қалажанындағы госхоздың малына қатер туғанда, советқұрылысшылары көмекке келіп, көп шығыннан  сақтап қалды. Сіз оқыдыңыз ба, жақында біздіңгазеттерде бір топ совет жауынгерлерін монғолмедальдарымен наградтау туралы Ұлы ХалықХуралы Президиумының Указы жарияланды. Біздіңосы айналадағы бір ауылды қатты жаңбырдан кейінсел басып кеткенде, сіздің жауынгерлер құтқарыпалды. Мұндай мысалдардың талайын айтып береаламын. Ал мына толып жатқан құрылыстардыңегжей-тегжейіне қанғыңыз келсе, осындағы советқұрылыс-монтаж тресінің бастығы АлександрМатвеевич Семенов жолдаспен сөйлескеніңіз жөн.Жақсы маман, жақсы басшы. Қайтарда мағанжолыға кетіңіз, Дарханнан алған әсеріңізді естиік,– деді күлімсіреп Дамдин.
Мамандығы инженер-құрылысшы, коммунистАлександр Матвеевич Семеновты біркелкі жас адамдеуге болады, 44 жаста. Соның 20 жылы дүниедегіең игілікті іске – құрылысқа, жасампаздық еңбеккежұмсалған – Алтай трактор заводы құрылысыныңбас инженері, Кемеровода химия комбинатынсалушы, Солтүстік Кавказ құрылысы басқармасыныңбас инженері. Түріне қарағанда ірі ұйымдастырушы,өндіріс командирінен гөрі, ғалымға көбірек ұқсайды.Бірақ әр қимылынан, әр сөзінен жігерлілік,тиянақтылық байқалады.
– Сіз осындағы жұмыс көлемін ұғыну үшін еңәуелі бір ғана өндірістік базаның нендей нәрсе екенінбіліп алыңыз, – деп бастады А.Семенов. – Осыбір ірі өнеркәсіптік комплекстің өзі – темір-бетонбұйымдары заводы, асфальт-бетон заводы, ағашөңдеу заводы, арнаулы жөндеу кәсіпорындары блогы,кисловод заводы, ацетилен өндіру цехы, автобаза,
 материалдық-техникалық цех, арматура шығаруцехы, бетон ерітінді заводы, телефон станциясы,радио торабы, орталық лабораториясы, асхана менжабдықталған әкімшілік үйі, ұсақ тас, құм өндіретінекі карьер және басқа өндіріс орындары бар. Мұндайөндірістік базасыз қала салу жөнінде сөз болуы дамүмкін емес еді. Тағы да бір ескеретін жәй: осыДархан отын-энергетика комплексін жоспарлауғаСовет Одағының 26 жобалау институты қатысты.Өйткені, ол Монғолия халық шаруашылығындааса үлкен орын алмақ. Шарын-гол көміріненбасқа бұл маңнан темір рудасы да табылып отыр.Орман, тас, құм сияқты құрылыс материалы да өзжанында. Қала әрі судың – Орхонға құятын Хараөзенінің бойында тұр. Оның үстіне, Дамдин жолдасайтқан цемент, силикат заводтары, анау біз салыпжатқан ТЭЦ сияқтылар елдің ертеңін жасасатын іріөнеркәсіп орындары.
Тегінде, маман емес сырт адамға осыайтылғандардың бәрі пәлендей әсер етпеуі ықтимал,тіпті очерк үшін де басы артық деталь болып көрінуімүмкін. Жасыратыны жоқ, тыңдап отырғанда олармаған да аса көп поэзия болып естіле қоймаған, бірақА.Семеновпен бірге жүріп, соларды өз көзімменкөргенде қайран қалмауға лажым болмады. Ғаламаткөп істер, күрделі істер, творчестволық істер. Үлкенжауаптылық, үлкен күш, үлкен жүрек туындылары.Мұны тек сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
– Мыналар өз творчествомыз, – дейді А.Семеновәр цехта әр қилы жабдықтар мен детальдардыкөрсетіп, – алақанымызды жайып, керек нәрсеніңбәрін Одақтан күтіп отырсақ, көп уақытты босқа
 оздырған болар едік. Соны түсінген біздің адамдаржаңашылдықтың, өнертапқыштықтың талай тамашаүлгілерін көрсетті.
Біз жаңа Дарханда 180 пәтерлік тұрғын үйқұрылысын көргенде мынадай бір нәрсені байқадық.Үйдің қабырғалары қаланып болысымен, төбесіжабылыпты да бірден жылу жіберіліпті. Соныңарқасында қылшылдаған қыс қыспағына қарамастанқұрылыс жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр. Негізгікорпусының белгіленген мерзімінен бұрын, жылыкезде жабылуының арқасында және үш сменаменжұмыс істегендіктен ТЭЦ құрылысы да уақыттан озабасып келеді. Әдетте қилы агрегаттарды монтаждауісі корпустың ішінде жүргізілетін болса, мұндасыртта әдейі монтаж алаңы құрылыпты да, қажеттіоперацияларды сол жерде тындырып, корпусқаагрегаттарды монтаждалған даяр күйінде кіргізетінболыпты. Құрылыс қарқынын көтеруге мұның дакөп пайдасы тиген. Жергілікті ауа райы жағдайын,қолда бар мүмкіншіліктерді ескере отырып, советқұрылысшылары жұмысты осылайша тапқырлықпен,жанқиярлықпен істеп келеді. ТЭЦ құрылысындакомплексті бригаданың бригадирі В.Саенко, монтажучастогының бастығы Н.Батищев, технологиялықжабдықтарды монтаждау жөніндегі прорабБ.Бабенко, бригадирлер И.Лапенко, Н.Перевалов,Н.Земцев сияқты адамдарды өз істерінің зергерлерідеп атайды. Қазір маман құрылысшылар қатарынақосылған краншы Мегмартанде, токарь СамбуЗаяд, слесарь-турбинашылар Онгоодот, Банзрагч,Намжилдорж, Гужир және басқа жас жігіттер –солардың шәкірттері. Дарханның, оның күрделі
 өнеркәсіп орындарының ертеңі – осы жасмамандардың қолында.
Дархан туралы әңгіме болғанда Шарынгол жайында да бірнеше сөз айтпауға болмайды.Ол екеуі – бірімен бірі кіндігі бір, егіз перзент.Дархан ағасы болса, Шарын-гол інісі. Дархан солайналадағы бүкіл құрылыстың жүрегін соқтырыптұрған өзінің екі энергопоезынан Шарын-голғада қуат беріп тұрса, Шарын-гол оған өзінің қараалтын қазынасынан көмір бере бастады. Оны қазіргізаманғы әдемі поселкеге айналдырған – осы Дарханқұрылыс тресінің күші.
– Бұдан екі жыл бұрын осы арада жалғыз қазықта жоқ еді, – дейді Шарын-гол СМУ бастығы ДавидАрзуманович Караханян мақтаныш сезіммен.
Мақтанса, мақтанғандай, қазірдің өзінде тұтасбір поселке тұрғын үйлер салынған. 640 оқушығаарналған үш қабат мектеп үйін айтсаңызшы! Керекжабдықтардың бәрімен жабдықталған, жарық нұрғатолы кең кластар. Киім ілгіштің жанында тіпті суболған сырт киім мен аяқ киімді кептіретін орынғадейін бар. Қара көз монғол балалары мектепке әбденқожайын боп алыпты. 300 орыны бар әдемі клубтада монғол достарды көресің. Олар мұнда советқұрылысшыларымен бірге кино көреді, концерттыңдайды, көркемөнер үйірмесінің жұмысынақатысады, оқу бөлмесінде кітап оқиды. Поселкелікасхана мен монша да жергілікті тұрмысқа жаңажақсы салтын орнықтырған.
Шарын-голдың үлкен мақтанышы, әрине, ашықкөмір карьері. Келісім бойынша совет құрылысшыларыоны 1965 жылдың декабрінде тапсыруға тиіс
 екен, бірақ олар мұнда да ерлік еңбектің өнегесінкөрсетіп, осы апрельде пайдалануға бергелі отыр.Ал күнделікті өз қажетіне және Дарханның кейбіркәдесіне жарайтын көмірді шахта қазірдің өзіндеөндіре бастаған. Толық күшіне кіргенде ол жылынабір миллион 100 мың тонна көмір беруге тиіс. Қазіркөмір қабатының бетін ашу, жер қазу жұмыстарыаяқталып келеді. Мұнда да талай құрылыстар жүзегеасырылған. Карьердің өз ішіне төселген теміржолдыңұзындығы 18 километрге жетеді.
– Сонымен 1965 жылғы апрельдің бірінде мынаЦевегмед жолдастың қолына көшеді бұл қара алтынкөзі, – дейді Шарын-гол көмір разъезі құрылысыныңбас инженері Петр Иванович Целоусов қасындағымонғол жігітті нұсқап.
Генин Цевегмед осы Шарын-гол көмір разъезінебас инженер боп келіпті. Харьковтың кен-индустрияинститутын бітіріп, бірнеше жыл Монғол Халықреспубликасының негізгі көмір бассейні – Налайхадаістеген екен.
– Қазір жұмыс істеуімнен гөрі советтік достарданүйренуім көбірек, – деп күледі Цевегмед.
Жоқ, жұмысы да аз емес. Соның әзірге еңүлкені – шахтер кадрларын даярлау. Цевегмед советмамандарымен бірге осында оқу-курс комбинатынабасшылық етеді. Қазірдің өзінде біраз монғолжігіттері экскаваторшы, бульдозерші, шофер,дәнекерші, теміржолшы болып істеп жүр. Солардыңбірі – сонау Оңтүстік Гобиден келген Ендон дегенжігіт. Оның экскаваторда жұмыс істегенін көргенде,оны малшы араттың баласы емес, өмір бойы осы
 құдіретті механизмді меңгеріп өскен деп ойлапқалуға болады.
Осы Ендон, Цевегмед секілділерді көріптұрғанда, жасарған монғол жерінің жаңа қалаларданда қымбат жемісі жаңа тамаша адамдар екенінұғасың. Өйткені материалдық игілікті, сұлулықтыжасайтын адам қолы, соның ақыл-ойы. Ал ондайадамдар социалистік елдердің туысқан семьясындағыхалықтық Монғолияда барған сайын көбейіп келеді.
Шарын-гол шахтасының бастығы Мұсахандеген монғолдық қазақ жігіті екен. Бірақ ол солкүні Дарханға мәжіліске кетіп қалып, бізге кездесеалмады.
Біз Дархан қалалық партия комитетінің біріншісекретары Дамдин жолдаспен уәде бойынша екіншірет кездескенде де, оның үлкен қуанышы, үлкенқамы тағы да осы адамдар жөнінде, кадр жөніндеболды.
– Қазір біздің көп адам ССРО-да,Чехословакияда, Польшада мамандық алып жүр.Бірсыпырасы оқуды бітіріп келіп жұмысқа кірісіпжатыр. Улан-Баторда да арнаулы курстар бар.Оған қосымша осында оқу комбинаты істейтінінөзіңіз көрдіңіз. Қысқасы, инженер-техниктері бар,жұмысшылары бар бізде 5000 маман болуы керекжәне болады да. Бұған достар көмегі, Монғол Халықреволюциялық партиясы мен монғол үкіметініңҚамқорлығы кепіл.
Әңгіме соңында мен Дамдин жолдастан: «СоветОдағына айтатын қандай сәлеміңіз бар?» – депсұрадым.
 – Туысқандық алғысымыз бен махаббатымыздыайта барыңыз, – деді ол.
Біз совет құрылыс-монтаж тресінің бастығыА.Семеновпен де екінші рет кездесіп, қиындықтаржөнінде айтып беруді сұрадық.
– Қиындықтар, әрине, аз болған жоқ және әліде жетіп жатыр, – деді А.Семенов әлденеге біразойланып. – Бірақ ол жайлы газетке жаза көрмеңіз.Өйткені қандай жұмыс болса да қиындықсызболмайды және біз оны жеңе білдік, жеңеміз де.Ал егер тек өзіңіз білгіңіз келсе, мынандай жәйттіескерту керек. Бұл жерде қыс жеті айға созылады,аязы кейде 50 градусқа дейін барады. Әсіресе желіқатты. Қатты болғанда апрель-май айларындаөрескел. Сондықтан жердің тоңы 2 метрден 4 метртереңдікке дейін жетеді. Осындай жағдайда жер қазужұмысының онша оңай болмайтынын түсіну қиынемес. Қазамыз, қашаймыз, бұрғылаймыз, бу жіберіпжылытамыз. Сөйтіп құрылыс басталғаннан бері 9миллион 400 мың текше метр топырақ алыппыз.Инженерлік жұмыстың көлемін мына бір фактіденде айқын көруге болады. Жаңа Дархан құрылысынабайланысты, жер астына өткізілетін магистральдыққұбырлардың (труба) өзі 80 километр ұзындықтыалады! Қысқа қоса жаздың да өз қолайсыздығы бар:жазда екі ай бойы нөсер жаңбыр көз аштырмайды.Бірақ біз осының бәріне дағдыландық және жұмыстыда оған бейімдеп жүргізе алатын болдық.
Мен қоштасарда А.Семеновтен де:
– Ал сіздің не айтарыңыз бар туған елге? – депсұрадым. Александр Матвеевич балаша күлімдеп,жүзі жайнай түсіп:
 – Осындағы барлық совет адамдарының атынанперзенттік сағынышты сәлем деңіз. Отан тапсырмасын, туысқан монғол халқының сенімін біз абыроймен орындаймыз, – деді тебіреніп.
Гүлденген Монғол Халық республикасыныңжерінде өздерінің туысқандық, интернационалдық,биік адамгершілік борышын айта қалғандай ақтапжүрген өз отандастарымды шексіз мақтан ете отырып олардың ыстық сәлемін табыс етем саған, ҰлыОтан. Әттең, очерк көлемі көтермейді, әйтпесе,олар бас-басына аталуға, бас-басына алғыс айтуғалайық. Бірақ сен, Отан-ана, оларды онсыз дабілесің, оларға деген аналық мейірімің де жеткілікті.Олар да бұған әбден сенеді.
Осы бір сөздермен очерк соңында нүкте қойғалыотырғанымда алдымда жатқан материалдардыңішінен Дархан қалалық газетінің бір номері көзіметүсті. Оның аты да – осы очерктің тақырыбыменүндес екен – «Найрамдлын дархан» – «Достықдүкені».
Иә, Дархан – достық дүкені. Ал сол дүкенденебір тамаша ұсталар совет-монғол, социалистікелдер достығын, жасарған халықтың жаңа жарқынжеңісін шыңдап жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу