Өлеңдер ✍️

  24.04.2022
  284


Автор: Рафаэль Ниязбек

АНАҢНАН ҚАЙТА ТУСАҢ ДА…

Басыңа төнген – қауіппін,
Сөзімді тыңда, ағасы.
Атадан қалған сауытпын,
Жыртылмас тозып жағасы.
Терісі сойған өгіздің –
Өзіңдей ердің бағасы.
Кем емес ханның ұлынан,
Қазақтың қара баласы.
Тарынасың сен неге?
Тарылмай өзен сағасы.
Басыңды жарып жүрмесін,
Атымның шойын тағасы.
Қыздырма менің қанымды,
Атылғалы тұрған жебемін.
Суырып шыбын жаныңды,
Қағылар болат шегемін.
Сойқанға жұртты бастама,
Ат басын қайда бұрсаң да.
Бетімді менің жасқама,
Бездіріп елден қусаң да.
Махамбет бола алмайсың,
Анаңнан қайта тусаң да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу