21.04.2022
  331


Автор: Отан қорғаушылар күні

7-мамыр Отан қорғаушылар күні

Бүгін 7-мамыр Отан қорғаушылар күні.«Отан от басынан басталады» демекші, бұл күні әрбір отбасы мен жанұядан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға, яғни әкеміз бен аға, ініміз, нағашы аға, іні, жиендерімізге, Отанын, елін, жерін күндіз-түні қорғап, жамандықтың болуының алдын алып жүрген Отан қорғаушы қызметін атқаратын ер азаматтарға құрмет көрсетілетін күн. Бұл күннің ерекшелігі сол, ер адамға ілтипат пен құрмет көрсетіп, атаулы күнмен құттықтау және олардың батылдықтары мен ерліктерін айтып, алғысымызды жеткізу болып табылады. Барлығымыздың жақындарымыз бар, әкелеріміз бен аға-інілеріміз, дос-жарандарымыз, отан алдында қызмет етіп, өз борышын өтеп жүрген ұлдарымыз, інілеріміз бар. Жанымызға жақын жандарды құттықтап, көңілдеріне қуаныш ұялату біз сияқты қыз-келіншектер мен әпке-қарындастарға жүктеледі. Расында да, жалғандығы жоқ, сол айбыны биік, батылдығы алты қырдан білініп тұратын ер адамдардың алдында бас иеміз. Олар бірімізге аға, бірімізге пана, бірімізге бауыр, бірімізге дана, қамқоршы жандар. Олар барда біз мықтымыз, біз күштіміз. Қазақта әрбір отбасының әйелдері әрқашанда ер адамды бір саты жоғары қойып, құрмет тұтқан.
Ендеше, сол әрбір үйдің тірегі болып, әрбір жанұяның жүрегі болып жүрген Аға-іні, бауырларымызды, Құдай қосқан ақ некелі жарымыз бен дос-жарандарды, бүгінгі күні мерейлері үстеп болып, абыройлары арта берсін деген ниетпен әрбір ер адамдар мен әке іні бауырларды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір мереке сіздерге тек қана қуанышы мен бақытын сыйлай берсін!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу