Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  132


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚУЫС КЕУДЕ БІРЕУЛЕР

Тәуелсіз ел болғалы,
Рухани өмір сетінеп,
бұзылды ма қорғаны.
Арамзалық алға шығып,
Ақыл-ойдың жайқалмай тұр орманы.
Бағын ашып, есірткесін кең жалған,
Сатқын сардар атанып,
арғымақ атқа ер салған.
Су бетіне шыққан жылпос қаншама,
Ысқырығы жер жарған.
Арғымақтар туған даламда,
Жөн айтатын болған жоқ па жаман да.
Ақылдының күні қараң екен ғой,
Ақымақтар атқа мінген заманда.
Айып, сірә, көрмесем де,
биікке қол созғанын,
Қыздырмада көрдім талай қозғанын.
Кеудеңнен шыбын жаныңды
Суырып алам дейді,
Қуыс кеуде біреулер
Баға алмай жүріп өз жанын.
 Азамат жоқ та сүртетін
ақиқаттың көз жасын,
Құлагер тұлпар сүрініп,
құмай неге озбасын.
Елбасына сайланам дейді,
Қуыс кеуде біреулер
Алып жүре алмай жүріп өз басын.
Киіп жүріп надандықтың ноқтасын,
Ел мұңын қалай жоқтасын.
Қуыс кеуде біреулер
Басқарам дейді Отанды
Басқара алмай жүріп отбасын.


Сәулесі түспей жарықтың,
Қазақ қалып қыспағанда нарықтың,
Қазыналы жердің үстінде емес,
Үстінде жүрген секілді
Алып қара табыттың.
Өйткені бұл елде:
Халықты жүрген басқарып,
Адал нанын жеп жүргендер халықтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу