Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  73


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕРДІҢ ЖҮЗІ ҚҰЛПЫРЫП ТҰРАР ЕДІ


Бақыт ерте келе ме, кеш келе ме,
Жазылғанын көресің пешенеңе.
Туған елдің толып тұр көз жасына,
Басшы атаулы ұстаған кесе неге?
Көліктері ағалған әрі-бері,
Бұл өмірді көк даңғыл көше, деме!
Серік мырза!
Жан болсаң арды ұмытқан,
Тілегі елдің жолыңа төселе ме.
Көктемдейін жасарып түле күнде,
Бақ сыйлаған бақытты бұл өмірде.
Кім-кімге де созасың көмек қолын
Алтын сәуле толқындап жүрегіңде.
Шертілгенде көңілдің күйі налып,
Қай тауға мұң шағасың жиі барып.
Бір жақсылық жасағың келеді ылғи
Кембағалдың барлығын жиып алып.
Ақжал толқын секілді жарға атылған,
Кімнің дауыл тумаған қанатынан.
Әттең сендей азамат көп болса ғой,
Тек жақсылық жасауға жаратылған.
Дүниенің мұң кетіп қабағынан,
Кімнің көктем күлмесін жанарынан.
 Жердің жүзі құлпырып тұрар еді,
Гүлдің бәрі үзілмей сабағынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу