Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  221


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАТЫС, БАТЫС ДЕЙ БЕРМЕ

Тіршілікте жан бағып, мал бақпаған
Жын-пері едің көзіне қан қаптаған.
Жазғырғаның бұл қалай Нұр-ағаны
Кісі көріп Батысқа жалтақтаған.
Кемеліме сыртынан тіл беземе,
Патшалардың көңілін құл сезе ме.
Ел басқарса арыстан айбатты ерім,
Шәйімді ішіп, түкірсін кім кесеме.
Қилы шақта жасынға айналатын
Елбасының жел қисын қай қанатын.
 Қайда сапар шексе де бір өжеттік
Нұрға толы көзінен байқалатын.
Қуат жиып тауынан, жиі елінен
Қарасайдың жаралған сүйегінен,
Нұр-ағаны жүрмісің осал көріп,
Көкірегінде ерліктің күйі өрілген.
Қараулықтың етегін түре білген
Ер емес пе түспеген күреңінен.
Нұр-ағаны жүрмісің осал көріп,
Жолбарыстың жаралған жүрегінен.
Қабырғасын қайғының сөгіп өтіп,
Көл тұндырған көңілге мөлдіретіп,
Қарасайдың ұрпағы осал ма, айтшы,
Адырнасын тартатын мөңіретіп.
Халық қамы мазалап тыншытпаған
Күні бар ма ағаның у жұтпаған.
Батыс, Батыс дей берме,
Сол Батыстан
Қанша мықты болса да күн шықпаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу