Баталар ✍️

  19.04.2022
  317


Автор: Отан қорғаушылар күні

7 мамыр күніне бата

Кәнекей бата берейін,
Қолдарыңды жайыңдар.
Үстем болсын мерейің,
Әр күннен бақыт табыңдар!
Жетінші мамыр бүгінгі,
Жақсылыққа бастасын.
Отан қорғаушы ұландар,
Қиындықта саспасын!
Жүздерінде батылдық,
Ел үмітін ақтасын.
Жүрегінде батырлық,
Өз-өздерін баптасын!
Жаратқаным жар болып,
Елімізді сақтасын!
Отан қорғаушы ұландар,
Биік самғар қырандар!
Қанаттарың талмасын!
Жұмыстарың мәнді боп,
Өмірлерің сәнді боп,
Бұл өмір тапсын жалғасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу