Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  269


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сол бір жан

 


Түсімде бір жанды көрдім, 


Жанды көрдім сымбатты. 


Сұлулығы басқа әлем 


Көзінен-ақ нұр шашты. 


Сезгендей болып тәтті лебіз 


Тәтті лебіз сиқырлы 


Көңілімнен орын алды 


Сол бір ару біртүрлі. 


Ғашық жүрек мұң шашады


Назданады сағына, 


Сыр шертеді ғашық жүрек


Сені іздеп мұңдана. 


Көңілімде қалып қойды 


Нәзік күлкің сиқырлы. 


Емдегендей жан сырымды 


Сыңғырлады тәтті үні 


Сендей жанды таба алмаспын 


Жұмбақ ару кім едің? 


Өңімде бір көрінсеңші 


Сені неге іздедім? 


Сол бір жанды таба алмай


Көңілде бір қара мұң, 


Менің жарым сендей бола алама? 


Оны тағы білмедім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу