Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  88


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚАЙСАР АҚЫН

(Хамит Ерғалиевке)
Кім екен тебіренген өрде биік,
Әлде ол қас қыран бір өр, ақиық?
Жаңғыртқан Алатауды зор даусымен
Ол ақын – өршіл Хамит Ерғалиев!
Ақын ол дауылпаздай буырқанған,
Даусынан түйілгенде бұлт ауған.
Ішінде көп шынардың бәйтеректей,
Еңсесі асқақтаған биік таудан.
Күй шерткен дастанында Құрманғазы,
Күңіреніп жан тербеткен сырлар сазы.
Жаңғырған жырларында өр кеуделі
Заманның өрендері, сырбаздары.
Жыршы ол шебер шерткен ән ырғағын,
Теңселтіп махаббатың аруларын.
Жігіттей құлпырады көрген сайын
Өзінің сүйіктісі – Әнуарын.
Өрлік көп өмірінде ой салатын,
Қиын жоқ ол шегініп тайсалатын.
Ерлердей жорықтарда жеңіп шыққан
Әлі де әлеуетті қайсар ақын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу