Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  111


Автор: Абдрахман Асылбек

Қызығу

Бір мүгедек бара жатты көлікпен:
Мүгедектерге арналған
Машинаға таңданған
Кейіппен
Қарай қалғам көрсеқызар желікпен:
«Тек осындай болса жаңа көлігім,
Сүймес еді мені кім?
Жүйріктігін байқар ем,
Жорғалатып шайқар ем»...
Бірақ, достар, тілдемегін,
Ол бейшараның сәндікке мінбегенін,
Еріккеннен жүрмегенін,
Ақымақтық екен білмегенім.
Кездейсоқ апақ-сапақта,
Ұшырадым да апатқа,
Өлмей, әрең жаным қалды.
Жан қалғаны құрысын,
Айтар болсам дұрысын:
Тоқпан жілік
Қара саннан сынып,
Екі аяқ та жарымданды.
Отыруға жарадым
Өткен кезде жыл жарым.
Несін айтайын, қарағым,
Енді осыған да ырзамын.
Білемін, жаның ашиды, ә!
Мінгенім – мүгедектік машина.
Өз аяғыммен жүрген бір адым
Нағыз бақыт екен деп,
Соған қалай жетем деп,
Тығылып талай жыладым.
Қызығу деген осы да,
Бермесін Құдай басыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу