Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  133


Автор: Абдрахман Асылбек

Тәкаппар терек

Тоғайда бір Терек тұрды,
Өзге ағаштан ерек тұрды.
Өйткені, ол биік тұрды,
Көкте бұлтқа тиіп тұрды.
Достарына қарамады,
Өзін артық бағалады.
Ойлады асқан берікпін деп,
Айналаға көрікпін деп.
Бірде қатты дауылдатып,
Жаңбыр құйды жауындатып.
Жай ойнады, жарқылдады,
Шарт сынғандай шартылдады.
Алай-түлей ұлып кетті,
Нән Теректі жұлып кетті.
* * *
Менменсіген Терекке
Сондай жаза керек те.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу