Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  144


Автор: Абдрахман Асылбек

Қоян мен қарсақ

Қоян қырда жүріп жатты,
Тыныш өмір сүріп жатты.
Бір күндері Қарсақ келді,
Бар дауыспен жар сан келді:
«Мен тұрғанда кімсің?» – деді
«Мұнда неғып жүрсің?» – деді.
Содан көпке кешікпеді,
Күндей қылып есіктегі,
Қонысынан айдап шықты,
Өзіне орын сайлап шықты.
Қоян байғұс қаңғып кетті,
Басы айналып мәңгіп кетті.
Шындығына келгенде,
Әділ заң жоқ елдерде
Бір-біріне адам да
Өститіні жаман да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу