24.03.2022
  99


Автор: Тортай Сәдуақас

МАХАББАТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

Мысырда бұл көрген кезде Жүсіпті,
Қызметшісі арбап көзін қысыпты:
«Мінезің мен көркің ұнап, тап шыным,
Сізге өлердей ғашықпын, о тақсырым!»
Жүсіп болса тебіренбей қойғандай,
Жылмаңдаған деді әлгіге ойланбай:
«Бетін тырнап тағы да ескі күйіктің...
Мені сүйіп қайтесің сол, сүйіктім!
Әкем мені жақсы көрді басқадан, –
Бауырларым болды содан қас маған.
Соған бола орға түстім азаппен,
Бір ажалдан қалдым сонда аз-ақ мен.
Пентефридің жар қосағы тағы да,
Ғашық болып, қайғы әкелді жаныма.
Оның мені сүйгендігі үшін де,
Жеті жылдай жаттым зындан ішінде.
Солай, жаным,.. шынын айтсам сөзімнің:
Сүйгеніңнен қорқып тұрмын өзіңнің!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу