Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  101


Автор: Нұрлан Оразалин

ӨЗIҢ ЖОҚТА…

Фаукенге
***
Жанарыңды торлаған тамшыдайын,
менен саған ауысты қанша уайым?
Алып-ұшып жүрегiң қанша мәрте,
тiлдi сезiм кеудеңдi қамшыдайын?!.
Құлпырғанда көктемде дала, қайың,
қайта түлеп, жаңғырған санадайын;
қаншама рет, апыр-ай, мазаңды алдым,
түн ұйқыңды төрт бөлiп, баладайын?!.
Есебi жоқ… Күндердiң жоқ тiзiмi.
Жастық шақтың өттi жаз, өттi күзi.
Өзiң жоқта елекке салып бәрiн,
тұтанады жүректе от қызуы.
Жасыл түнде жалғыздық бойымда ұлып,
думан-тойы тiрлiктiң тойындырып,
емханаға сүйрейдi сен жататын
Асау – сезiм… Сiлкiнiп ойым – күлiк….
Жанарыңды торлаған тамшыдайын,
мұңаяды көшеде әншi қайың.
өзiң жоқта күллi әлем өгейсiнiп,
осады мұң кеудемдi қамшыдайын…
наурыз, 1981 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу