Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  92


Автор: Нұрлан Оразалин

ТҮНГI ҚАЛА

Тiрлiгiңдi жалғайды қала тынбай,
көңiлiңдi арбайды дала тынбай.
Жасыл бағың шулайды жастығың боп,
естен шыққан баяғы ән атындай.
Көшелердi қыдырып қашады үнiң,
ақ жаңбырлар кеудеңе шашады мұң.
Көзге түсер көк айдын көлге құлап,
мұңайғаны сәмбi тал шашағының.
Соны көрiп әуенге толады iшiң,
қонады көл, кеудеңе қонады шың.
Көз тоқтатып аққуға тас бейнелi,
киiктердi аяйсың қола мүсiн.
Қызыл-жасыл оттардың арасынан,
құйылғанда бiр керiм жарасып ән,
тас үйлерiн аралап тас қаланың,
ой iздейсiң ойлардың сарасынан.
Тiрлiгiңдi жалғайды қала тынбай,
көңiлiңдi арбайды дала тынбай;
жасыл бағың шулайды жастығың боп,
естен шыққан баяғы ән атындай…
қазан, 1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу