Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  241


Автор: Нұрлан Оразалин

Оянғандай кеудесiнде...

Оянғандай кеудесiнде май таңы,
жарым менiң «Бесiк жырын» айтады.
Сыртта – қаңтар… Шұнақ аяз шыңылтыр…
Сығалайды терезеден Ай тағы.
Ұлы қала… Көшелерi тым-тырыс.
Байқалмайды артық дыбыс, бұлқыныс.
Әуелеген әуен қалқып тек қана,
қалжырайды тәттi ұйқыда – түн тыныш.
Ұйқыда жұрт танымайды күштiсiн,
ешкiмге ешкiм көрсетпейдi күш, қысым.
Сәби – тiрлiк, сәби – аспан ұйқыда,
манаурайды Найзақара – сұсты шың.
Тербетедi сай-саланы, жыраны,
тiршiлiктiң таңғажайып ұлы әнi.
Жарым ұйықтап кеткенiмен қалжырап,
кезген мүлгiп, сай-саланы, жыраны
«Бесiк жыры» құлағымда тұр әлi…
қаңтар, 1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу