Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  330


Автор: Абдрахман Асылбек

Алтын теңге

Білімділік керек пе?
Сөз жоқ, білім пайдалы.
Бірақ, біздер қайдағы
Бай адамды елеп көп,
Жүреміз ғой білімдіге теңеп те.
Мұндай кезде алған жақсы ойланып;
Жат мінезін түзетем деп бойдағы,
Кісі арына күйе жағып қоймағын,
Сағы сынып, құлқы өзгеріп кетпесін.
Кердең басып керіліп,
Бос мақтанға беріліп,
Абыройсыз жалған даңқпен кеппесін.
Қасиетті кепті осы
Айту үшін түсіндіріп өзгеге,
Кемінде бір кітап болар сөз керек.
Әзілі бар, шыны бар,
Бұл жағдайды мысалымнан ұғып ал.
* * *
Бір жолаушы (жайша жүрген кезбе де)
Алтын теңге тауыпты,
Оның бетін қалың тозаң жауыпты.
Айырбастап алар болса, бұл үшін
Бес тиынның берер еді үш уысын.
«Тоқта, – деді ол, – ойлау керек дұрысын.
Екі есе ғып ақша ұстап бұл үшін,
Қолымды ұры кесіп алар, құрысын!»
Сөйтті-дағы, тас пенен бор, құм алып,
Тауып және кірпішті,
Кірісті іске Шаруа білек сыбанып:
Қарқынменен бір күшті
Кірпішке сап егеді,
Тасқа қойып үйкеді,
Құмменен де сүйкеді;
Істің сәтті бітеріне сенеді.
Алтын теңге жарқыл қағып құбылды.
Бірақ, оның алдағы
Біраз кеміп салмағы,
Енді құны болмай қалды бұрынғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу