Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  411


Автор: Абдрахман Асылбек

Ойға кеттім

Ойға кеттім өзімді тексеріп көп,
Оңай емес керуен көшке ілікпек.
Жүрер ме екем еленіп ел аузында?
Қалам ба әлде елеусіз естелік боп?
Кім кетпейді, өмірге кімдер келіп?
Бара жатыр зымырап күндер кеміп.
Кімге керек бүгінгі мақтанышың,
Қарсы алмаса құрметті күндер келіп?
Өзіңді өзің мадақтау жарамайды,
Жарамсақтар ағайын жағалайды.
Сенің ерен жасаған еңбегіңді
Уақыт пен ел ғана бағалайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу