Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  74


Автор: Рафаэль Ниязбек

БІР ДОСҚА

Қылығыма жүрсең де төзбей көптен,
Менен әлі келеді безбей көктем.
Көкірегімде лапылдап жанған отты
Көп досымның бірісің сезбей кеткен.
 Тез өтеді, көрдің бе, уақыт қалай,
Түспеді ме қолыңа жақұт талай.
Бірімін мен аз ғана жігіттердің
Кілем, ақшаға емес, бақытқа бай.
Жаным менің кең жайлау – төрің еді,
Жаның неге сол төрден жерінеді.
Атылмаған жанар тау білмегенге
Жай төбе боп әрине көрінеді.
Аруақты жылдардан,
Аруақты жырлардан!
Алыстаған кезім жоқ, жырақтаған,
Сол асылдар туымды құлатпаған.
Жұлдызыңды төбемнен шашпай-ақ қой
Төбе болсам төріңде шуақтаған.
Қия-асулар алынар ма еді,
Қия-асумен жүрмегенде Ер,
Сен секілді көп мені тілдегендер.
Жүрген жоқ па өмірді ластап, былғап
Өмірдің де қадірін білмегендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу