Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Сиқыр сезім

Жаулап алдың әніңмен де,
Сұлу сымбат сәніңмен де.
Ақ көңіл мен пәк жүрегің
Аса қымбат бәрінен де.
Бар ниетім, бар тілегім –
Жақын тартшы жаныңмен де,
Оттан ыстық тәніңмен де.
Кең даладан киік көріп,
Атпақ болып қуып беріп,
Сымбатына сұқтанумен,
Тұрып қалдым жуық келіп,
Бәрінен де биік көріп.
Құдай саған берген екен
Бар жақсыны үйіп-төгіп.
Пендеміз ғой, пендеміз ғой,
Кейбір сәтте сөнген ізгі ой.
Сұлулықты көрген сайын,
Ақыл-ойға кендеміз ғой.
Айдай сұлу аруларға
Бар тізгінді бергенбіз ғой,
Азабына көнгенбіз ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу