Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  84


Автор: Абдрахман Асылбек

Көрем сені

Көрем сені – тұрғандай елжіреп күн,
Жаның жайсаң, жандарға кең жүрексің.
Бірде мұңлы, бірде шат көңілдісің,
Ең бастысы – өзіңе сенімдісің.
Көрем сені – кейбір кез борандайсың,
Бірақ, маған қатыгез бола алмайсың.
Жанарыңда жарқын жаз жарығы бар,
Жарасымды жаныңды жаным ұғар.
Көрем сені момақан бір қалыпта,
Ашыласың кейбір кез нұрланып та.
Сол бір шақта шын батыл – шабыттысың,
Тек менімен, менімен бақыттысың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу