Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  93


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен сені көрген күннен сүйіп келем

Мен сені көрген күннен сүйіп келем,
Басымды бал денеңе иіп келем.
Қашықтап кеткен сайын қаншалықты,
Мәртебең соншалықты биіктеген.
Мәртебең биіктеген соншалықты,
Жүрекке өшпейтіндей жол салыпты.
Бәрібір ешкім мендей сүйе алмайды,
Өмірде болғанымен сонша мықты.
Жолыңа қара-қарай сағындым-ау,
Күндерді санай-санай жаңылдым-ау.
Нұрланып кетер еді бір жарқ етсең,
Көңілді мұнарлаған сағым мынау.
Мен сені көрген күннен сүйіп келем,
Махаббат маздағына күйіп келем.
Қашықтап кеткен сайын қаншалықты,
Мәртебең соншалықты биіктеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу