02.03.2022
  166


Автор: Сұлтан Оразалы

КӨГIЛДIР ЭКРАН КЕЛБЕТI

 


Қазiр халқымыздың əл-ауқаты артып, мəдениетi өстi десек, соның бiр айғағы ретiнде елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне тегiс тарап отырған бүгiнгi теледидарды да айтпай өте алмаймыз. Соңғы жылдарда тек техникалық, ғылыми жаңалық ретiнде ғана танылмай, күнделiктi тұр- мыс-тiршiлiгiмiздiң сан саласын қамтитын, қоғамның iлгерi басуына белсене көмектесетiн идеологиялық қару ретiнде қалыптаса бастады. Бүгiнгi көгiлдiр экран, сонымен қабат, эстетикалық тəлiм-тəрбие беру iсiнде де көптеген тыңғылықты iстер атқарып отыр. Ол қазiргi үлгiлi əдебиеттi, өнер туындыларын насихаттаумен қатар, өзi де өнер жасаушы өнiктi саланың бiрiне айналды.


Қазақ теледидарының əдеби-драмалық редакциясының жұмысын сөз ете отырып, бүгiнгi дөңгелек стол басына жиналғандар қазiргi көгiлдiр экран төңiрегiндегi кейбiр көкейкестi ойларын ортаға салады.


Мəслихатта бас қосқандар: Қазақ КСР халық артисi, Социалистiк Еңбек Ерi Серке Қожамқұлов, белгiлi драматург, жазушы Əлжаппар Əбiшев, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Мұхтар Шаханов, қазақ теледидары əдеби-драмалық хабарлар бағ- дарламасының бас редакторы, сыншы Сұлтан Оразалинов.


С. Қожамқұлов: Бүгiнгi өнердiң кез келген саласы туралы ойлаған шақта өз басым, ең алдымен, өткен өмiр көшiмен сабақтастықты, ұқ- састықты iздеймiн. Телевизиялық өнердi сөз етерде де оның түп төркi- нi – театр, кино, радионың қазақ топырағында қалай туғаны көз алдыма елестей бастайды. Алғаш театр шымылдығы Қызылордада ашылғанда, төбем көкке жеткендей қуанғаным əлi есiмде. 1927 жылы бiр топ ар- тистермен Ташкентке барып, тұңғыш рет радиодан Т. Жүргеновтiң


«Аудармашының қиялы» атты сықағын оқығанда, өз дауысыма өзiм сенбесем, кейiн кинодан өз бейнемдi өзiм көрiп таңырқағанмын... Ал теледидарға келсек, оның жолы басқаша басталды. Алғашқы ашылған 1958 жылдың өзiнде-ақ ол театр, кино, радиода жинақталған тəжiрибенi пайдалана отырып, өнердi насихаттауда өзiнiң зор мүмкiндiгiн танытып үлгердi. Сол жылы бiздiң театр теледидарда қойған «Еңлiк-Кебек» қойылымында Еспембет ролiн ойнаған едiм. Аз уақыттан соң, көгiлдiр экранға үйрене келе, Б.Майлиннiң «Жəке-Дiлдеке», «Бер, Мырқымбай, қолыңды!», «Бəрiн айт та, бiрiн айт», А.Тоқмағамбетовтың «Ертеңгi егiс», «Жылтың-сылтың» атты сықақтарын оқыдым. Мiне, содан берi теледидармен ұдайы шығармашылық байланыста келе жатқандықтан, оның өсу жолы, жетiстiк, кемшiлiгi көз алдымда.


Телевидение – қазiргi заман тудырған ең қуатты өнер саласының бiрi. Ол талай жандардың бақ жұлдызын ашып, халыққа таныстырды. Ал өнер адамы үшiн өзiңнiң өнерiңдi халыққа жеткiзуден артық бақыт бар ма? Бұл ретте көптеген əншiлер мен күйшiлердiң, ақын-жазушылар мен суретшiлердiң, театр артистерiнiң еңбегiн танытуда оның атқар- ған қызметi ерекше. Рас, өнер адамдарының еңбегiн халық əр түрлi


 


жолдармен бiлiп жатады, бiрақ жүзбе-жүз дидарласып, сырласып, өнерiн қызықтаудың орны бөлек қой. Теледидар бiзге, ең алдымен, осындай мүмкiндiк туғызды.


Бүгiнгi көгiлдiр экранда көңiл қоярлық қойылымдар, мəдени ха- барлар баршылық. Өнерге ауыз əдебиетiнен сусындап келгендiктен бе, өз басым «Халық қазынасы» циклi бойынша көрсетiлген жырау- лар мен суырып салма ақындар творчествосына қызыға қарап, жыр, дастандар, термелердi сүйсiне тыңдаймын. Соңғы бес жыл бойына қазақ теледидары бұл салада недəуiр еңбек етiп, ел арасында жүр- ген көптеген таланттарды таныстырды. Ал «Қымызхана» атты əзiл- сықақ телетеатры бұрын бiздiң өнерiмiзде кенжелеу қалып отырған саланы толықтыра түскендей. Көрермендi күлкiге кенелтiп, көздеген нысанасына дəл тиетiн ойындар болды. Қазақ КСР халық артистерi М. Сүртiбаев, С. Оразбаев, Қазақ КСР-нiң еңбек сiңiрген артисi Н.Мышпаева, артистер Р.Телеубаев, Ж.Медетбаев, Ш.Ахметова, Т.Жаманқұлов қатысқан ойындардан шыншылдық көремiн. Бiрақ осы қойылымдардың драмалық арқауында əлi де болса жеңiл-желпi сөзуарлыққа əуестiк байқалады. Жақсы басталған игiлiктi iстi одан əрi жалғастыру үшiн белгiлi драматургтер, қаламгерлер белсене ат салысса құба-құп.


Соңғы жылдары көрермендердi елең еткiзген хабарлардың бiрi –


«Сұхбат» циклi. Халқымызға аты мəлiм белгiлi сөз зергерлерi мен өнер шеберлерiнiң өмiр жайлы толғаулары, ел-жер туралы ойла- ры көрермендi бейтарап қалдырмайды. Бiз көгiлдiр экрандағы Ғ.Мұстафинмен, Ш.Айтматовпен, С.Бегалинмен, А.Тоқпановпен кез- десулерден үлкен əсер алдық. Бұл жерде осы хабарлардың авторы Сұлтан Оразалиновтың еңбегiн ерекше атаған жөн. Таяуда мен Ғабит Мүсiреповпен жолығып қалдым. Ескi əдетiмiзше жаңалық бiлiскен соң, əңгiме сол кезде теледидарда көрсетiлген Елубай Өмiрзақовтың 80 жылдығына арналған «Сахна» атты хабарға ойысты. Бұл хабарға мен де қатысқан едiм. Ғабең осы хабарда сирек ұшырасатын кино-фото материалдардың көрсетiлгенiне, сценарий авторының iзденiмпазды- ғына ризалық бiлдiрдi...


Осы арада айта кетпегiм: бiздiң республикалық баспасөзде теледи- дар жайлы, оның белгiлi шеберлерi хақында өте аз жазылады. Көпшi- лiгiмiз көргенiмiздi ауызша айтумен шектелемiз. Сондықтан да олар- дың жақсы iстерi ескерiлмей, кемшiлiктерi елеусiз қалады. Шынайы өнердi əдiл баға, салауатты сын өсiрмеушi ме едi?


С.Оразалинов: Сераға, өте дұрыс айтасыз. Қазiргi теледидар жан- жақты пiкiрлерге, əдiл сынға өте зəру болып отыр. Шынында, теледидар арқылы өмiрге келген туындыларға қызыға қарағанымызбен, олардың эстетикалық, көркемдiк сырын пайымдап, теориялық жүйеге келтiрiп үлгергенiмiз жоқ.


Ой жүгiртiп қарасақ, жаңа өнердiң дүниеге келуi тек заманалар ғана тудыратын, ғасырлар бесiгiнде тербелiп, ұзақ өсiп, ержететiн құ-


 


былыс. Əуезов айтқандай: «Ешбiр өнердi құрғақ тiлек, құрғақ бұйрық туғызбайды... Ана жатырында баланың бiтуi сияқты сəтi келген сағатта тiршiлiк белгiсiн бастап тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап iшiнде туады». Екi жарым мың жылдық тарихы бар театр өнерiнiң басы – көне грек театры десек, оның өнер болып қалыптасуына ғасырға жуық уақыт қажет болған. Алысқа ұзамай, кино өнерiнiң тарихын бағдарласақ, ол халықтық өнерге айналғанша жарты ғасырға жуық уақыт өттi. Ал теледидарды осыдан он бес-жиырма жылдай бұрын өнер саласына жатқызу үшiн жүрек жұтқан батылдық қажет едi. Бiрақ заманның даму екпiнi, теледидар техникасының үздiксiз жетiлуi, сол арқылы жаңа көркемдiк-бейнелеу тəсiлдерiнiң ашылуы жас өнердiң бұғанасын қатайтып, өзiндiк бетiн табуына жол ашты.


Теледидар – синтездiк өнер. Оның бойынан басқа өнер салаларының көптеген белгiлерiн көремiз. Алайда ол театр мен киноның, фото мен радионың, бейнелеу мен музыкалық өнердiң құрамды жиынтығы емес. Бүгiнгi телехабарларды жасаған кезде шағын экранның психологиялық қабылдау өзгешелiгiн жете бiлу шарт.


Қазақ теледидарының əдеби-драмалық хабарлар редакциясы негi- зiнен екi түрлi бағытта қызмет етедi. Оның бiрi – əдебиет пен өнердiң таңдаулы шығармаларын насихаттау да, екiншiсi көгiлдiр экранның өзiне тəн шығармаларын жасау. Бұл екеуiнiң қай-қайсысы да шеберлiктi, творчестволық iзденiстi қалайды. Теледидар техникасы – творчестволық ойларды iске асыратын құрал ғана. Оны əркiм қабiлетi жеткенше пай- даланады. Қазақ теледидары бұл салада республикамыздың шығар- машылық күштерiне сүйенедi. Олардың соңғы жылдарда əр түрлi программалар жасауға белсене араласуы көгiлдiр экранның өрiсiн кеңейтiп отыр. Əдебиет пен өнердiң белгiлi шеберлерi қатысқан хабардың мазмұны тереңдеп, жұрт көңiлiне жол тапқанын көремiз.


Əдебиет пен өнердi насихаттауда көптен берi көрсетiлiп келе жатқан «Шұғыла», «Халық қазынасы», «Творчестволық портреттер» циклдарымен қоса, кейiнгi кездерде эфирге шыққан «Сахна», «Сұхбат»,


«Қазақстанның əдебиетi, өнерi, мəдениетi» атты телевизиялық шолу мен «Поэзиялық кеш», «Творчество» циклдарының алатын орны ерекше. Бұл хабарлар түр жағынан да, өзiнiң алдына қойған мақсаты тұрғысынан да алуан-алуан. Олардың көркемдiк дəрежесi де, əрине, бiркелкi емес.


Осыдан он жылдай бұрын басталған «Шұғыла» əдеби альманахы- ның қазiр сексеннен аса саны жұртқа көрсетiлдi. Бұл – əдебиет пен өнердiң жаңалықтарын сөз еткен 480-ге жуық шағын хабарлардың жинағы деген сөз. Əр түрлi жанрдың басын қосқан бұл телеальманах соңғы кезде қасаң тартып, формалық жағынан бiр қалыпқа түсiп алғандығы байқалады. Сондықтан алдағы уақытта «Шұғыланы» жаңа түр, жаңа мазмұнмен байытып, көркемделуiн, режиссерлық шешiмiн жаңғыртуды ойластырып отырмыз.


Халқымыздың зергерлiк өнерiн, ауыз əдебиетiн насихаттауда соңғы


 


он бес жылдан берi үзбей көрсетiлiп келе жатқан «Халық қазынасы» атты циклдың орны ерекше. Редакция қызметкерлерi халқымыздың бай мұрасын насихаттауда музей экспонаттары мен мұрағат байлы- ғын пайдаланумен бiрге, ел iшiндегi таланттарды iздеп тауып, олардың өнерiн халыққа таныстыруды мақсат етедi. Биылғы жылы өткелi отыр- ған республикалық ақындар айтысын теледидар ерекшелiгiн ескере отырып ұйымдастырса, шынайы жүйрiктер сайысын миллиондаған көрерменге көрсету мүмкiндiгi туатыны сөзсiз.


Ə.Əбiшев: Соңғы жылдарда əдебиет пен театр, əдебиет пен кине- матография деген ұғымдармен қоса, əдебиет пен теледидар деген ұғым да санамызға сiңiп кеттi. Шындығын айтсақ, көркем əдебиеттiң алдына дəл теледидардағыдай мол мүмкiндiк ашқан сала болған емес, сол сияқты əдебиет те көгiлдiр экранның дамуына өлшеусiз ықпалын тигiзуде.


Қазақ теледидарының өмiрге келгенiне 20 жылдан асыпты. Қазiр əрбiр үйдiң төрiнен өзiнiң лайықты орнын алған осы «электрондық қобдиша» əр кештегi əңгiме-дүкен, қызықты сауықтың бесiгiне айналды. Қандай əңгiмешiл адам болса да, ол бiраздан кейiн жа- лықтырады, ал теледидар жалықтырмақ емес. Өйткенi ол үйiңдегi – театр, кино, дүниенiң төрт бұрышындағы оқиғалардың iзiн суытпай көз алдыңа алып келетiн сиқырлы айна тəрiздi бiлiм-танымның көзi. Бiр мезетте миллиондармен тiлдесiп, əрбiр адамның сырлас серiгi болуы – теледидардың өнер ретiндегi ерекшелiгi əрi артықшылығы. Осы тұрғыдан қарағанда, бағдарламаларын соңғы жылдары профес- сионалдық деңгейге көтерген Қазақ теледидарының игiлiктi iстерiн бөлiп айтуды орынды деп ойлаймын. Бұл əдеби-драмалық редакция- ның хабарларына тiкелей қатысты, себебi теледидар өнер ретiнде ең алдымен əдеби-драмалық дүниелерден танылады ғой.


«Сұхбат», «Сахна», «Қымызхана» тəрiздi тұрақты циклдардың көр- кемдiк сапасының жақсаруы iзденiс, жетiстiктердi аңғартады. Көгiл- дiр экран арқылы тарап жүрген театр қойылымдарынан жəне сахна шеберлерi мен театр ұжымының өнерпаздық үлгiсiн, шығармашылық тұлғасын таныту мақсатын алға қойған хабарлардан бұл ұжымның эстетикалық тəрбие берудегi атқарып отырған қызметiн танимыз.


Сəттi бастаманың бiрi – «Қымызхана» əзiл-сықақ телетеатры. Бұл өмiрдiң кейбiр келеңсiз жақтарын əзiл-сынға алатын театр құрудағы алғашқы талап келешекте үлкен iске мұрындық бола ма деп үмiт күтемiз.


Бұрынғы замандарда ресторан, кафесi болмаған халқымыздың жиi бас қосатын, кең отырып сырласатын орны осы қымызхана екенi мə- лiм. «Қымызды кiм iшпейдi» дегендей, дастарқан басына, қымызы бар жерге кiмдер келмеген? Сондықтан да теледидардың өзiндiк ерекшелi- гiн, көп сериялы қойылымдардың композициялық тұтастығын, тұрақты кейiпкерлерi болатынын ескере отырып, осындай шешiм табуы, ежелгi дəстүрдi жаңғыртып, жаңа қырынан ашуы өте орынды. «Қымызхана»


 


қазiрде ортамызда жүрген жағымды-жағымсыз замандастарымыздың сан түрлi бейнелерiн экранға əкелуге жол ашады.


С. Қожамқұлов: Дегенмен осы арада көңiлде жүрген кейбiр пiкiр- лердi де айта кеткен жөн. Соның бiр парасы осы сiз айтып отырған қойылымдар төңiрегiнде туындайды. Рас, көгiлдiр экраннан бiрнеше сəттi туындыларды көрдiк. Олардың iшiнде төл қойылымдар да, театр қойылымдары да бар. Мысалы, Б. Майлиннiң «Майдан», В. Онго- реннiң «Тағдыр тəлкегi» спектакльдерi (режиссерi Ш.Агишева) көркемдiк дəрежесi биiк, жұрт көңiлiне жол тапқан шығармалар. Бiрақ, өзге қойылымдардың көркемдiк дəрежесi үнемi осындай ма? Олардың көпшiлiгiне көңiл толмайтыны нелiктен? Менiң ойымша, бұл кемшiлiктiң басты сыры – телережиссураның, операторлық өнердiң əлсiздiгiнен жəне қойылымдарды əзiрлеуге кететiн дайындықтың же- тiмсiздiгiнен. Қазақ теледидарында маман режиссерлар əлi өте аз. Ал көркем шығарманың мəнiн, қазақ сөзiнiң терең сырын ұғатын операторлар тiптi жоқтың қасы. Оның үстiне шала-пұла жасалған дайындық актер ойынын шыңдауға, режиссер ойын жеткiзуге, қойы- лымның көркемдiк дəрежесiн көтеруге мүмкiндiк бермейдi. Қазақ теледидарының көлемдi қойылымдарды əзiрлейтiн орны тапшы. Мен өзiм қатысқан қойылымдардан осыны байқадым.


Тағы бiр маңызды мəселе – театр сахналарында қойылған кезеңдiк туындыларды кинопленкаларға жазып алып, сақтау iсi əлi ескерiлмей отыр. Кезiнде талай өнер саңлақтарының сахнада, телеэкранда жаса- ған бейнелерi осындай салақтықтың салдарынан ұшты-күйлi жоға- лып кеттi. Кеше ғана арамызда жүрген Қ. Сəтбаев, М. Əуезов, Қ. Қуа- нышбаев, А. Жұбанов, Е. Өмiрзақов, Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейiтов, Ш. Айманов сияқты халқымыздың ардагер ұлдарының теледидардан сөйлеген сөздерiн, ойнаған рольдерiн бұл күнi iздеп табу қиын.


Ə.Əбiшев: Телеқойылымдардың драматургиясындағы кемшiлiк- тердi де атап айтудың ретi бар. Мысалы, «Қымызхананы» алайық. Менiң ойымша, 20 серия бойынша қатысып келе жатқан Шөңгебай, Теңгетай, Өкiреш бейнелерiнде өсу-өзгеру байқалмайды. Спектакльдегi көтерiлетiн тақырып ауқымында да таршылық бар. Актерлер ойыны- нан қайталау көбiрек байқалып тұрады. Сондай-ақ «Халық қазынасы»,


«Шұғыла» атты хабарлардың көркемдiк дəрежесi бiркелкi емес. Олар- дың iшiнде сұрғылт, көңiлдi қозғамайтын белгiлi жəйттер төңiрегiне құрылғандары кездесiп қалады. Кей кездерi «Əн шырқайды» деген айдармен жыршылар да, термешiлер де көрiнiп тұрады. Кейбiр жыршы, термешiлердiң даусы онша емес. Ел арасында жүрген нағыз арқалы таланттарды əлi де көбiрек тауып, телеэкранға көбiрек шығару керек деймiз. Сонан соң, «көрерменнiң сұрауы бойынша» деп қайталанып жататын хабарлар қатарында əрсiз, нəрсiз дүниелер кездеспесе екен.


Телеэкраннан көрсетiлетiн бiрталай хабарларға ортақ кемшiлiк – кейбiр телесценарийлер тiлiнiң жұтаңдығы дер едiм. Көркем тiл – əдеби туындының басты қасиетi екендiгiн естен шығармау лəзiм. Экранда


 


сөйлейтiн кейбiреулердiң тiл шұбарлайтыны, өз ойын жеткiзе алмай қара терге түсетiнi бар. Мысалы, тəп-тəуiр басталған «Алтыбақан» атты хабар соңғы кезде қожырап, оған қатысатын базбiр жастардың тiлi жаңа шыққан баладай сөйлеуi əдетке айналып барады. Ондай мiндi хабар жүргiзушiлерден де байқап қаламыз.


Өнердiң əр саласына ендей кiрiп, терең тамыр жайып келе жатқан теледидардың əдебиетпен байланысы күн сайын дамып келедi. Əдебиет теледидарға өзiнiң бай тəжiрибесiн, шексiз мол мұрасын ұсынса, телевидение əдебиетке теледраматургия сияқты жаңа жанрын ұсынып отыр.


С.Оразалинов: Əлбетте, театр мен теледидар арасындағы қарым- қатынас берiк. Мəселен, теледидар театрдың бiрталай көркемдiк бейне- леу тəсiлдерiн пайдаланса, театр да шағын экран шартына ыңғайланған рай танытуда. Бұған Москвада елiмiздiң үлкен театрларының кейбiр туындыларын теледидар ерекшелiгiне сай жасауды дəстүрге енгiзгенi дəлел. Осы өзгерiс драматургияда да байқалады.


Дегенмен бұлар əр түрлi өнер саласы болғандықтан, сахналық туын- дыны көгiлдiр экранға көшiргенде телережиссердiң творчестволық iз- денiсi, батыл шешiмi қажет. Бұл iсте телережиссер өзiнiң театрдағы əрiптесiмен иықтас тұруы шарт. Сонда ғана сахналық туынды кейбiр өзгерiстерге ұшырағанымен, өзектi ойын сақтап отырады. Тек соңғы бiр жарым жыл iшiнде республика театрларының отызға жуық қойы- лымын жұрт назарына ұсындық. Əлгiнде Əлжекең дұрыс айтты. Сөз – теледидардың басты қаруының бiрi. Сондықтан экрандағы сөйлеу мəдениетiне қалай болса солай қарауға болмайды. Ара-тұра экраннан естiлiп қалатын қойыртпақ сөзге көрермен ренжидi. Əрине, жұрттың бəрi бiрдей шешен сөйлей бiлмеуi ықтимал. Бiрақ телеэкранға шыққан соң сөз қадiрiн кетiрмеген абзал. Бұл – теледидар қызметкерлерiне қойылатын үлкен талап, мiндет.


«Қымызхана» əзiл-сықақ телетеатры көпшiлiк ықыласына бөлiнген туынды. Ондағы көтерiлген мəселелерге пiкiр бiлдiрiп, жас өнердiң алғашқы қадамын құптай жазған хаттар бiзге көптеп келуде. Алайда бұл жас отаудың əлi жетпей жатқан жасау-жабдығы аз емес. Оның ең бастысы – терең мəндi, өткiр сын-сықаққа құрылған əдеби сценарийдiң тапшылығы.


М.Шаханов: Қазақ теледидары бағдарламасынан əдеби хабарлар жиi орын алуы – құптарлық iс. Өз басым соңғы жылдарда көгiлдiр экрандағы хабарлардан елеулi серпiлiстi байқаймын. Оған дəлел ретiнде биылғы жылы көрсетiлген екi хабарды атар едiм. Оның бiрi – Шыңғыс Айтматов- пен өткен «Сұхбат» атты хабар да, екiншiсi – Олжас Сүлейменовтiң творчестволық кешi. Бұл хабарлар қазақ тележурналистерiнiң твор- честволық iзденiстерiн, телеэкранда адамның ойы мен сезiмiне əсер етерлiк парасатты, терең мазмұнды туындылар беруге ұмтылысын ай- қындайды. Ай сайын берiлетiн қазақ ақындарының жаңа өлеңдерiнен бастап, соңғы жылдары жиi-жиi көрiне бастаған көлемдi авторлық


 


кештер поэзия мен теледидар өнерiнiң туыстығын, бiр-бiрiне деген құрметiн танытады. Қазақ теледидарының əдеби-дарамалық хабарлар редакциясы бұл iске белсендi араласып, поэзияны насихаттауға елеулi ықпалын тигiзiп отыр. Осыдан бiраз жыл бұрын поэзия кешiн өткiзу керек болса, соңынан концерт дайындау дəстүрге айналып кетiп едi. Себебi «өлең тыңдауға кiсi жинау қиынға түседi» дейтiндер кездесетiн. Қазiр жұрт поэзия кешiне ықыласпен келетiнiн көрiп жүрмiз. Бұл игiлiктi iске теледидардың қосқан үлесi бар. Адам баласының ойы күрделiленiп, парасат биiгiне көтерiлген сайын поэзияға жақындай түседi. Поэзия талғамның өсу деңгейiн де көрсетедi. Сондықтан теле- экрандағы поэзияның көркемдiк сапасына үлкен жауапкершiлiкпен қарау керек. Кейбiр айтары жоқ, сылдыр сөзге құрылған өлеңдердiң экраннан орын алмауын, өз сөзiне өзi сүрiнiп, жаттанды бiр сарынмен


«əлəулайға басатын авторлардан бойды аулақ салу қажет-ақ. Шынайы жүйрiктер көрiнсе, поэзияға деген халық құрметi арта түспек.


Поэзияны насихаттауда телеэкранның мүмкiндiгi зор. Қазiргi мақ- сат – оның түрлi формаларын iздестiру. Соның бiрi ретiнде қазақ поэ- зиясының телеантологиясын жасау қажет деп ойлаймын.


РЕДАКЦИЯДАН: Бүгiнгi көгiлдiр экран келбетi осы айтылғандар- мен шектелiп қалмайтыны түсiнiктi. Əсiресе əдебиет пен телевидение арасы, театр мен теледидар арасындағы байланыс, олардың бiр-бiрiне ықпалы жөнiнде əзiр жүйелi теориялық тұжырымдар жасала қойған жоқ. Бiр кездерде «теледидар кең тарай келе театр мен əдебиетке керi əсер етедi, көрермен мен оқырман саны күрт азайып кетедi» деген пiкiрлер бас көтерсе, уақыттың өзi оның терiстiгiн дəлелдеп бердi. Қазiр əдебиет жанрлары мен теледидар жанрлары бiр-бiрiн толықтырып, байыта түсетiнiн көрiп отырмыз.


Бұдан, əрине, қазақ теледидарының əдеби-драмалық редакциясының жұмысы мiнсiз екен деген қорытынды тумайды, ондай кемшiлiктердiң бiрқатары жоғарыда айтылды да. Редакцияға күнделiктi түсiп жата- тын хаттардың iшiнде көрермен қауым көгiлдiр экран хабарларының табыстарына сүйсiне отырып, кейбiр кемшiлiктердi дəл тауып жазып жатады.


Бүгiнгi теледидар жұмысы – творчестволық процесс. Ол ұдайы iздену, өсу үстiнде. Осы жолда əлi талай алар асулар, шығар биiктер бар.


«Қазақ əдебиетi» газеті, 27 шiлде 1979 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу