Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  125


Автор: Елена Әбдіхалықова

Шыдамым бітті ....

Шыдамым бітті,
Шаршадым, жаным, түсінсең,
Көзіңнің қыры түсетін бе еді, кішірсем?
Мекендеп алдың миымды –мендік әлемді.
Тілегім-өзің, түсім- Сен!
Келмейсің енді, көрмейсің мені, сезіндім,
бұрынғысындай төкпейді маған көзің күн.
Онсыз да мынау жылуы кемшін жалғанда
мұз - өмірімнен безіндім.
Жан болдым бүгін жүрегі жетім, жаны қыс,
Сарғайтып бітті санамды күндей сағыныш,
шыр айналды да, алыстап кетті тіл қатпай,
махаббат деген тағы құс.
Сайрасам деймін сол тағы құстың тілінде,
(ұқпассың, бәлкім, сөзімнің айтқан бірін де...)
Жоқтарын сезем, сонда да сендік жүректің,
Жоқ болып кеткен күнімде.
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу