Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  204


Автор: Елена Әбдіхалықова

Туған жер

Туған жер,
беу, не деген қасиетті ең!
Қаныммен қасиетіңді несіп еткем,
Жаныммен қасіретіңнен қуаттанып,
өскен ем баба мұра- өсиетпен.
Тұз белің талмаусырап, құмың көшіп
жататын жайлауым сол – құлын бесік.
ойнаған жалаңаяқ бал күлкілер
балауса күніңді есіп, түнін кешіп.
Даламның жұпар иісі – аңсағаным,
құлпырам жұтқан сайын бал самалын.
Дүниенің төрт бұрышын кезсем-дағы
өзіңді сағынудан шаршамадым.
Сен менің мақтанышым – байтақ далам,
Қойны – құт, көкірегіне ар сақтаған.
өзіңе деген жұмбақ махаббатсыз
әлемде ешбір дана ой таппаған.
От болған өзегіме берген жосық
бабамды топыраққа жас көмгем қосып.
Сен менің – ақ туымсың аялайтын,
қорғайтын қажет болса кеудем тосып.
Туған жер, сені ойласам – ысып қаным!
Өзіңде мәңгі алау күш – ұққаным.
Жаныма тиген сұқ көз, күңкіл сөзді
бір уыс топырағыңмен ұшықтадым.
Төгілген нұр-шуағы келбетінде
төсіңде талай ұлан ержетуде.
Өзіңсіз кезбедей боп қорғаны жоқ
қаңғырып қалар ем-ау жер бетінде!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу