Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Шалқайып шықтым үйіңнен

Қыдырып бара қалып ем,
Үйіміз тар деп қысылдың.
Әрине, базар барымен,
Жаныңды дарқан түсіндім.
Қолымды жуған сәтте бір,
Орамал кір деп қысылдың.
Адамға деген ақ көңіл
Екенін таза түсіндім.
Дайындық болмай қалды деп,
Дастарқаныңнан да қысылдың.
Риза болдым барды жеп,
Жомарттығыңды түсіндім.
Мәжіліс құрар мәнді сөз
Айтпадым деп те қысылдың.
Жүректен шыққан жанды сөз –
Ниетіңе адал түсіндім.
Айрылма осы несіптен,
Айрылма осы күйіңнен.
Еңкейіп кіріп есіктен,
Шалқайып шықтым үйіңен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу