Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  125


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚОШТАСУ

Хабарың жоқ,
Телефон да тып-тыныш,
Жаулап алды беймәлім бір өкініш.
Алу қиын, алысуға дәрмен жоқ,
Сен күмәннан соғып қойған бекініс.
Өзгереді жүйрік заман, адам да,
Баламасаң болғаны тек жаманға.
Өткен күндер өшіре алмай бейнеңді,
Сағыныштан симай барам ғаламға.
Жылауық күн,
Көктем, әлде күз бе еді.
Жоғалттым да сәл кешірек іздедім.
Үнсіз тұрдық,
Шығарып сап соңғы рет,
Аспандағы тырналардың тізбегін.
Менің үшін едің жаным таң шығы,
Жасаураған жанарларың жаншыды.
Бұрылдым да кете бардым,
Амалсыз,
Көрмеу үшін ағып түскен тамшыны.
28.02.2013 ж.
Астана әуежайы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу