24.02.2022
  461


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Жер мен елді сағынғанда

 


 


 


Шадыман бүгін де ерте оянып, жатын төсегінен ерте тұрған. Әдеттегісінше таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып шайынған. Содан соң жеке бөлмесінен шығып, аллеяның бойына түскен. Тап Жер ғаламшарындағы елдегідей көрініс. Таң қылаң беріп келеді. Жасанды Күннің алтын шапақтары күмбезге түсіп, жарықты молайта берген. Жарық сәулесі тараған сайын күмбездегі планетарийден түскен жұлдыздар мен Ай да көмескіленген. Көрініс үйреншікті болғандықтан Шаодыман оған онша көңіл аудармады. Тек осы Емшектаудың астындағы қаладағы барлық көріністің Жердегі, елдегі табиғи көрініске сайма сай етіліп жасалынғаны ғана Шадыманды кейде таңдандырады. Тек бір ғана кемшілік, мұнда жауын шашын, қар боран деген болмады.


 


Шадыман аллея бойымен жүріп келе жатып, қолдарын сілтеп, біршама сергіп те қалған. Қарсы алдында көз үйренген шағын жасанды көл суы, жигеі айнала гүлді өсімдіктерге толы, бірнеше ағаш орындқтар орнатылған. Бағаналарда шамдар. Ол шамдар жарық сәулесі көбейген мезетте автоматты түрде сөнеді. Аллеяның екі жағасында өсірілген небір ағаштардың жапырақтары сыбдыр қағады. Қолға үйретілген Бұбұл, Қараторғай, Торғайлар да бүгінжиі сайрап, көңіл көтереді. Шадыман әсіресе, Бұлбұл құстың сайраған үніне бала кезінен тәнті. Ол сайраған кезде тұра қалып тыңдайды.


 


Бұлбұл құс әдетте таң мезгілінде сайрайды. Соны білетін Шадымен оны жібермеуге тырысып ерте тұрады. Құстар да осындай біркелкі жылы ортаны ұнататандай. Олар болса да бұл ортаның адам қолымен жасалғанынан бейхабар. Ағаштардың бұтақтарына қонып, біршама сайрап, қайта ұшып кетеді. Ббелгілі жерден су ішеді, жемдерін жейді. Сөйтіп өздерінше бір дәцрен кешіп жатқандары.


 


Жасанды көлдің жайы да осындай. Суында Балықтардың бірнеше түрі жүзіп жұр. Ал Дельфиндер сол Балықтардың нағыз қожасы десе де болғандай. Шадыман көл суына жақындағанда сол Дельфиндер иесіне сәлем бергендей судан бірнеше рет шорпып шыққан. Шадыман оған да мәз. Сәлден соң оларға қарап оң қолын көтеріп, жымиып алған. Содан соң көлді айнала жүріп, өзіне ұнамды жаттығуларын жасады. Түнгі ұйқыдан тұра сала жүгіріп ала жөнелудің организмге қаншалықты зиян екенін Шадыман әуел бастан жақсы біледі. Сондықтан да бірнеше түрлі дене жаттығуларын жасап, денесі біршама қыздырып та алған. Содан соң спорттық киімінің кеуде жағын шешіп, денесін көлдің салқын суымен ысқылады. Қайта киініп, жеңіл жүгіріспеен жатын бөлмесіне келді.


Бұл кезде бөлмедегі биотұлғалар өздерінің «миларына» адын ала жазылған бағдарламалар бойынша әрекеттеріне кірісіп кеткен еді. Бірі Шадыманның төсегін жинаған, екіншісі бөлме ішін реттегін. Алғандары да өздеріне тән тапсырмаларын орандаған. Жатын бөлме екі бөлімнен тұрады. Ішінде барлық жағдай бар. Жалпы, Емшектаудың астындағы бұл қалада не жоқ. Ғарышкер геологтар демалыс кездерінде көл суына шомылады, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнайды. Қала орталығында бейнефильмдер көрсететін бейнетеатрлар мен театрлар да бар. Оларда түрлі филмьдер мен концерттер болады. Жерден, елден келген әртістер мен әншілер өнерлерін ортаға салады. Сөйтіп, келген өнер тарландары Шолпан табиғатын тамашалап қайтып кетіп жатады. Қалада тамаша оранжерея да менмұндалап тұрады.


 


Шадыман өзінің жатын бөлмесі мен демалыс бөлмесінің соншалықты таза жиналғанына іштей риза болып, көңілі әуелгіден де көтерілген. Енді ол ыңылдап ән де салған. Сол кезде төр қабырғадағы электронды сағат таңғы сағат алтыны көрсетіп, қазақты әнұраны ойналды. Соңынан радиоқабылдағыш автоматты түрде іске қосылып, «Күй сазы» концерты басталды. «Көңіл ашар», «Кһкейкесті»,


«Қаратаудың шертпесі», «Серпер» және басұа күйлер күмбірлеп, Шадыманныңжан дұниесін тербеді. Мұндай сәттерде адам баласның сағынғандарын есіне алатыны бар. Шадыман де күй күмбірін тыңдай отырып, тамаша терең сезімге бһленіп, Жерді, елді есіне алды.


 


Елдегі тамаша табиғат аясы да көз алдына келе қалғандай. Айнала жайқалған жасыл өсімдіктер мен түрлі түсті хош иісті гүлдер. Алың орман. Бмік шыңдарын қалың ақ қар бастақан таулар. Сай сала. Өзен мен көл. Аспанда әдемі бұлттар. Олар осы олпан ғаламшарының аспаындағы бұлттардай жылдам жөңкімейді. Баяу ғана жылжиды. Самал жел соғады. Ең бастысы Жерде ешқандай комбинезон киілмейді. Ауа таза, тыныс кең. Көңіл кұй қашан да кһтеріңкі. Шадыман сондай тамаша табиғат ассында өткізген бақытты балалық балдәурен шағын. Сол кездерде Шадыман таң мезгілдерінде осы Шолпанды талай рет көрген. Шолпан ғаламшары Жерден таң мезгілінде де, кеш мезгілінде де аспанда жарқырап көрінеді.Сонда ойлап көріп пе, осы ғажайып ғаламшарды ғалымдарға басшы болып зерттеймін деп. Тағдыр құпиясы деген осы.


 


Шадыман ғарышкер геолог боламын деп те ойлмаған кезінде. Бірақ өмір ағысы осыған әкелген. Ғарышкер болу бүгінде еш тансық емес. Ең бастысы, денсаулық болса болғаны. Ал мұнда келуіне басты себепші, Шолпан ғаламшарының Жер ғаламшарының бастапқы кездегі күйіне келе бастағаны. Ал құрам жасақтаған кезде қыз баладан Айман мен Шолпанды таңдаған.


Айманға қарағанда Шолпан зеректеу еді. Оны Шадыман мектеп қабырғасынан біледі.Айман екеуі өзінен бес сынып төмен оқыған. Мектепте де Шолпан өзінің зеректігімен мұғалімдерді тәнті ететін.                                                     Уақыт жылжым өтіп жатты. Мектеп бітіргеннен кейін Шадыман өз жолымен, өз мақсатымен кетті. Геология


институтына түсті.Ғарышкерлер құрамына енген кезде Шолпанның да өзінің жолын қуғанын көрді. Сол Шолпан енді араларында жоқ. Өзінен көп кіші болса да Шолпанға деген көзқарасы мүлдем бөлек Шадыманның. Сондықтан да оның қапелімде көзден таса болғаны ауыр соқты. Сондықтан да Шадыман енді Жердегі өткен бақытты өмірін аңсайды, соны көз алдына елестетеді.


Жер ғаламшарының ұлы табиғаты қашан да ғажап, қашан да әсерлі. Одан Шадыман да, сапарластары да бір жалыққан емес. Көктем көктемімен, жаз жазымен, кұз күзімен, қыс қысымен өз әсерін беріп жатады. Ал мына Шолпанда жыл мезгілі деген жоққа тән.


Ұзақ уақытқа созылатын аптапты ыстық пен суық, аспанындағы ыдырамайтын қою ала бұлттары адам баласын жалықтармай қоймайды. Сондықтан да қай қайсысы да үнемі Жерді, елді аңсайды. Тек ғалым, маман болған соң ол сағыныштарын сыртқа сездірмеуге тырысады. Өзі де солай.


Осы ұзақ сапарға  аттанар алдында бәрінің Айлы түнде қыдырғандары бар.


 


Толған Ай болса да аспанда күміс сәулесін төгіп тұрды. Бәрі де өте көңілді еді. Екі қыздың күлкілері ол тамаша кһрініске серпіліс бергендей болады. Ондай серуендер аз болмаған. Енді соның бәрі де бір елес сияқтанып қалған. Сол түндердің біріндегі Айман мен Шолпан айтқан сөздер де есінде Шадыманның.




  • Түн салқындап барады ағайлар, - деген сонда Шолпан.




 




  • Енді біраз уақыттан соң Шолпан ғаламшарында боламыз, - деген сонда Шадыман, онда дала ыстық! Бойларыңдағы бүкіл суықты жоқ етеді!




Өзінің ол сөзіне бәрі де мәз болған. Бәрі түннің бір мезгіліне дейін қыдырған, алдағы жоспарларын айтқан. Оның бәрі де Шадыманның есінде қатты сақталған. Енді оны тек көз алдына елестетумен ғана келеді жалғыз. Тек Есмұхан, Алдияр, Берқайыр, Аймен мен Шолпанның айтқан сөздері ғана құлағынан бір кетер емес.


- Шолпандағы Емшектаудың астындағы қаладағы орта тап осы біз дайындалып жүрген зертханаға ұқсас, - деген сонда Есмұхан бәрне көз тастап қойып, онда да осы Жердегі сияқты қалыпты температура сақталады. Шағын болса да тамаша табиғат аясы бар. Тек ондағы оттегі өндіретін құрылғылар кенеттен істен шықса, бәріміз де тұншыға бастаймыз.




  • Қойңызшы, ағай, - деген сонда оған жалт қараған Айман, - бармай жатып жүргеімізді ұшырмаңызшы.Ондағы күрделі техникалардың бәрі де сенімді болуға тиісті. Оның үстіне, ол осындағыдай шағын зертхана емес. Тұтастай бір ғаламшар емес пе? Шолпан атмосферасындағы көмір қышқыл газы осы Жеріміздікіндей.




  • Одан бізге не пайда? - деді оған бұрыла қараған Шолпан.




 




  • Пайда жоқ екенін білемін. Сонда да Шолпанның қоршаған бұлттары мен атмосферасындағы көмір қышқыл газының Жеріміздікіне ұқсас болып келгені жақсы ғой.




  • Несі жақсы? Одан да Шолпанда осы Жеріміздегі сияқты оттегі мен су мол болса ғой! Деген Шолпан аспанға көз тастастап алып.




  • Қыздар, - деді сол кезде Алдияр екеуіне кезек кезек қарап, Шолпан Күнге өте жақын орналасқан ғой. Сондықтан оның беті өте ыстық. Ал сондай чтықта су буға айналып кетпей ме?






  • Онда бір алапат ғарыш кемесімен Шолпанды сүйреп Жеріміздің айналымжолына әкелеәк те!




Шолпан соны айтып сықылықтай кеп күлген. Қалғандар Шолпанның ол айына кәдімгідей ойланып қалған. Ал өзі болса, Күн жүйесіндегі аспан денелерінің орындарын ешқашан да өзгертуге болмайтынын, ондай жағдайда күллі ғаламшарларға қатер төнетінін есіне алған. Оның үстіне Жер мен Шолпан жақын қашықтықта бір бірін қуалай Күнді айналып қозғала алмайды. Кез келген сәтте бір бірімен соқтығысып қалу қаупі бар. Шадыман осындай ойды да бір сәтте басынан кешті. Содан соң бәрі кейін қарай жүрген. Сол түні қыдырыстарына шек қойылған жоты. «Шолпан ғаламшарын ұзақ уақыт зерттеу сапарлары алдында Жер ауасын еркін жұтып, еркін сырлассын» дегендей жұлдызды әлемге ғарышкерлер дайындау орталығының ғалымдары мен мамандары да тым тырыс қалған. Сапарластар оны әштерінен түсініп, түнгі жұлдызды аспанды, ондағы ең жарығы Айды тамашалап, түн ортасы ауа орталықтағы жатын пәтерлеріне оралған.


 


Осындай ой әлеміне енген Шадыман аллеяның бойымен әлі де біраз жүрді. Содан кейін аллея жиектеріндегі көптеген ағаш орындықтардың біріне келіп отырды. Әлі де ой тұңғиығынан шыға алар емес. Қаршадай қызды ешкімге де қимайды. Ол қыздың жарқын болашағы алда еді. Енді ойламаған жерден көз жазып қалды. Енді оны қайдан іздемек. Қайдан таппақ Шолпанды. Бұл кезге дейінгі өзінің бар күш жігері, үміті мен арманының бәрінің де сондай жастарда екенін енді түсінген Шадыман. Егер осы оқиға Жер ғаламшарында болғанда Шолпан қызды іздеп табу әлдеқайда оңайға соғар еді. Бұл бөтен ғаламшар, бөтен әлем. Еркін жүретін орны да шектеулі. Шолпан ғаламшарының даласының кеңдігінен не пайда, Жердегідей алшаң басып жүрмеген соң. Бұдан гөрі елдер мен жыпырлаған қалаларға толы болса да Жер ғаламшарының өзі дұрыс екен.


Жергілікті радиодан күмбірлеген күйлер бітіп, диктор соңғы жаңалықты айтып болған соң Шадыман жайымен жүріп, асханаға келген. Онда басқа ғарышкер геологтар жиналып қалыпты. Асхана іші абыр сабыр. Аспазшы биотұлғалардың сықыр сықар қимыл


қозғалыстары адамдардың дабыр дабыр сөздерімен қабаттаса шығады. Бұл күнделікті үйреншікті көрініс болғандықтан ғарышкер геологтардың ешқайсысы да биотұлғаларға көңіл бөлген жоқ. Өзді өзді дастархандары жандарындағы орындықтарға отырып, аспазшы биотұлғалардың дәмді ас пен ыстық шай мен кофе әкелулерін күтуде.


- Ал, әрптестер, қайырлы таң! - Деді келген бойда Шадыман.


 




  • Қайырлы таң, Шадыман Жасамысұрпағы! - деп жауап қатты дастархан бастарында отырған ғарышкер геологтардан Алдияр.




  • Қалай демалдыңыздар?




 


- Өте жақсы! - Деді бұл жолы Есмұхан.


 




  • Жақсы, астарыңыз дәмді болсын! деп Шадыман шеткеректегі бір дастарханның жанындағы орындықтардың біріне отыра кетті.




Осылай амандасып, тілегін айтқанымен Шадыман әлі де болса жаңағы ой әлемінен толық арыла алмады. «Осы көрініс Жерде, елде болса ғой, Шолпан қыз да арамызда болар еді» деп бір ойлап, күрсініп алды. Таңғы ас үстінде отырған басқалар да Шолпан


қызды қапыда жоғалтып алған өкініштерін ұмыта алар емес. Басшыларының қандай күйде жүргенін де бәрі жақсы біледі. Сондықтан мұндай сәттерде қай қайсысы да Шолпан қыз жайлы әңгіме қозғамауға тырысады. Басқа әңгіме айтып, ара тұра кұлісіп те алады. Енді бірі аспазшы биотұлғалардың қызы жүрістері мен сөйлегендерін қадағалап, олар жайлы әзіл айтады. Енді бірі қос қолындағы табаққа салынған дәмді тағамды жанына келіп ұсынып тұрған аспазшы биотұлғамен тілдесіп, оның қызық сөздерін қайталап, отырғандардың көңілдерін көтереді.


Аспазшы биотұлғалар дегені болмаса, олардың бағдарламаларының аясы өте кең. Ғарышкер геологтардың кез келген сұрақтарына лезде жауап қатады. Тағамның қандай әкел десе дайын тұрады. Биотұлға бүгінде ешкімге де тансық емес. Олар адамға әуел бастан көмекші. Мұндағы таңғаларлығы, биотұлғалардың тірі аспазшы адамға өте ұқсас етеліп жасалғаны, олардың сол адамға сай киініп, сол адам сияқты қимыл қозғалыс жасайтыны, сөйлейтіні. Сондықтан да ғарышкер егологтар кейде оларды басқа бір адаммен шатастырып та ала жаздайды.


Бірақ бүгінгі таңғы аста ғарышкер геологтар арасындағы әзіл қалжың аз болды. Шолпан қыздың бір сәтте ізім ғайым болғаны, Шадыманның пәс көңіл кұйі еркін әзіл қалжыңға еркіндік бермеген. Шолпан қыздың зеректігіне қай қайсысы да тәнті еді. Енді


 


амалдары қанша, араларында ол қыз жоқ. Жалғыз қалғандай болған Айманның ыстық көз жасы тыйылар емес. Шолпан қыздың есімі айтылса болды, босап сала береді. Қыз нәзік жан дейтіні осыдан айтылса керек. Шадыман келіп жайғасып, шамалы әңгіме айтылған соң бәрі де өзді өзді дастархандарының бір шетіндегі түймені басқан. Артынша екі екіден қол сиярлық құбыршалар ашылған. Отырғандар сол құбыршаларға қолдарын сұғып, қолдары жуылып, кептірілген соң қайта алып, таңғы астарынан алуға кіріскен.


Бмотұлғалардың тағы бір ерекшелігі, ғарышкер геологтармен асқа ортақтаспайды. Оларға тек ток керек. Солай болса да биотұлғалар ас құрамына өте мұқият. Олар өздерінің арнайы кұрделі құралдарымен тағамдардың тазалығы мен дәмін тексеріп алып барып әкеледі ғарышкер геологтарға.


Ғарышкер геологтар аспазшы биотұлғалар әкелген астан алып, қол, ауыз шайғаннан кейін асхадана шығып, жұмыс бастар алдында қысқаша кеңесетін шағын бөлмеге келген. Осы бөлмеде бұгінгі жоспарлары жасалды. Қабырғадағы үлкен электронды сағатқа қарағанда уақыт та таяп қалған. Мұндай тәуіліктік уақыт осы Емшектаудың астындағы қалада ғана. Ал сыртқа шыққан бойда Шолпан ғаламшарының аптапты кең даласы қарсы алады өздерін. Ал ол ғылыми зерттеу жұмыстарына ғарышкер геологтар болса да арнайы бұрғы қондырғы кемен ұшып шығады. Содан соң қызу жұмыс басталып кетеді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу